Қазақстандықтардың неше пайызы кітапқұмар
Е
лімізде 9,5 мыңнан астам кітапханашы, 73 миллионға жуық кітап бар
Мәдениет және ақпарат министрлігінің дерегі бойынша елдегі 31,3%-ы кітап оқиды, деп жазды kaz.inform.kz.
Ведомствоның 2023 жылғы даму көрсеткіштері туралы есебінде осындай мәлімет келтірілген. Министрлік мамандары елдегі кітапқұмарлардың үлесін кітапхана қызметін пайдаланушылардың саны арқылы анықтаған. 2023 жылы халықтың саны 20 млн 33 мың 546 адам болса, оның 2 млн 49 мың 156-сы 4 жасқа дейінгі балалар ретінде есепке алынбаған. Қалған 17 млн 984 мың 390 адамның 5 млн 738 мың 39-ы кітапханалардың қызметін пайдаланған.
«2023 жылы еліміздегі кітапханаларда 153 472 іс-шара өткізілді. Ол іс-шаралар 5 738 039 пайдаланушыны қамтып, халықтың оқу белсенділігі 31,3%-ға жетті», - деп жазылған.
Ресми дерекке сенсек, Елімізде 9,5 мыңнан астам кітапханашы, 73 миллионға жуық кітап бар.
Электронды кітаптар мен құжаттарға жыл сайын әлемнің 110 елінен пайдаланушылар жүгінеді.