Жылдың үздік фантастика және детектив шығармасы
333

Аққұмдағы хикая

Аққұм – Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Алтай батыр ауылында орналасқан бірнеше шақырымға жалғасқан  құмды жер.

      Достық-адамдарды бір-бірімен байланыстыратын нәзік қыл секілді. Адамдардың бір-біріне қалтықсыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиет. Нағыз достық, кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі қиыншылықтарға мойымауға, оны бірге көтеруге жәрдемдеседі.

Шын дос бола білген адам бақытты.

Бұл әңгіме екі достың ауылға ата-әжесіне  барып, бастан кешкен қызықты хикаясы жөнінде болмақ.

Тәуелсіздік пен тұспа-тұс дүниеге келген  Бақыт 1991 жылдың қазанында дүниеге келсе, Аян 1991 жылдың көктемінде дүниеге келді. Бірін-бірі балабақшада көргендері болмаса, бұған дейін мүлде таныс емес еді. Олардың таныстықтарының өзі қызық басталған болатын. Кішкене ауылда орналасқан шағын балабақшаның әткеншегіне таласқан екі бала бір-біріне берілгісі келмеді. Мінезі ашушаң, сәл нәрсеге қолындағы затты жіберіп қалатыны бар Аяннан Бақыт біраз сескенген еді. Ол онымен әткеншек үшін төбелескісі келмеді. Өзі әлжуаздау, ерке бала, қорыққанын білдіргісі келмесе де, артынан  Аян ойнап жүрген жерге барып ойнауға батылы бармады.

Алғаш рет мектеп табалдырығын осы аудан орталығында орналасқан орта мектептен бастаған еді. Кішкене аудан болғандықтан олар тағы да бір мектепте, бір сыныпта қайта тоғысатындары сөзсіз еді.  Балалық шақтағы оқиға Бақыттың санасында қалып қойғаны соншалық, сыныпқа кірісімен ол алдыңғы партада отырған баланы көрді. Ия, сол бұрынғы балабақшада әткеншекке таласатын бала. Бақыттың жүрегі дір етті.  Неге қорыққанын өзі де түсінбеді.

«Сыныпта қазір орын жоқ, бірінші күні келіңіз»,-деген мұғалімнің сөзіне ол қатты қуанды. Артынша ол өзін ертіп әкелген ағасына  басқа сыныпқа ауыстыруын сұрады. Бірақ оның өтінішін ешкім ескермеді.

Бақыт сонша қорыққанымен, керсінше Аян бұрынғы болған кикілжіңнен мүлдем бейхабар.  Ол тіптен Бақыт екеуінің бір балабақшада болғандарын да білмеді. Сол кездері түрі суық, ашуланшақ бала, енді керсінше жылы жүзді көрінді. Олар Бақыт екеуі  бірден тіл табысып, тез дос боп кетті. Үнемі бірге жүретін екі досты барлығы «егіз қозы» дейтін. Есейген сайын да екеуінің жұптары жазылмай, достықтары да нығая берді. Екеуін ортақ не байланыстыруы мүмкін? Сабақты да жақсы оқиды, спорттан да бейхабар емес бұл балалардың ең үлкен қызығушылықтары тылсым дүние еді.

Әдеттегідей сабақтан соң үйге бірге қайтатын. Күз мезгілі. Аспан ерекше түстерге бөленген, тым әдемі. Сабақтан шаршап шыққан Бақыт досына:

Шіркін, ұшқыш кілем келіп, бізді алып кетсе ғой...

Сен ол туралы қайдан білесің?-деді Аян таңырқай. – мен ол кілемді үнемі түсімде көремін. Екеуміз үстінде ұшып жүреміз.  Алладин мультфильміндегідей.

Бақыт досына жымия қарады.

Ол кілем менің де түсіме кірді ғой. Қызық ия? Ол біздің ұшқыш кілеміміз.

Осы кезде екі дос өздерін бір-біріне итермелейтін бір тылсым бар екенін сезді. Ол кезде олар әлі бала еді. Соған қарамастан екеуі бірге ауылдың табиғатын, мекендейтін құстарды, галактиканы зерттегенді жақсы көретін. Олар өздерінен басқа тылсым «басқа» әлемнің бар екендігіне сенетін. Теледидардан көрген фантастикалық киноларды бірге талдайтын. Оны дәлелдей алмаса да, газет қиындыларын, теледидардан айтылған жұмбақ жағдайлар туралы түртіп отыратын. Осындай қызығушылықпен Аян  археолог болсам, ал Бақыт тарихшы болсам деп армандады.  Олардың бұл қызығушылықтарына бәрі күлді. Сыныптағы басқа оқушылар, мұғалімдер, тіптен ата-аналары да екеуін «қияли балалар» дейтін.  Дегенмен, уақыт өтсе де екі достың тылсым дүниеге деген қызығушылықтары артпаса, басылмады.

Демалыста мен ауылға ата-әжеме барамын. Мүмкін бірге барармыз? Есіңде ме, ол ауылда «Аққұм» деп аталатын құмды дала бар. Сол құмға бірге барсақ жақсы болар еді,- деп Аян досына ұсыныс білдірді.

Үйдегілерден сұранайын. Барсақ барайық,-деді Бақыт.

Аққұм Алтай батыр деген  ауылда, бірнеше шақырымға созылған, ұшы қиырсыз құмды шөл дала. Ауылдың сыртынан құм әппақ төбе сияқты көрінгендіктен, жергілікті халық оны аққұм деп атап кеткен. Бала кезінде ата-әжесіне келгенде Аян осы құм туралы  көп аңыз әңгімелер естіген еді. Құм көшеді, құмнан жылаған дыбыс шығады, құм өлең айтады. Ал атасының оған: «Бұл құм жын-перілердің мекені. Адам баласы бұл жерге себепсіз кіруге болмайды. Бұл құмға жайылымдағы малдар да көп кіре бермейді, ал егер кіріп кетсе, ол жерден қайтып шықпайды»,- деген әңгімесіне  әжесінің: «Баланы қорқытпай жөніңе отыр. Бұл құмның бәлесі де жоқ. Кәдімгі құм»,-дегені есінде қалды. Бірақ тылсымға құштар бала әжесінің емес, атасының сөзіне сенгісі келді. Ал жалғыз өзі аққұмды аралауға батылы жетпегендіктен, досымен  бірге құмның құпиясын ашқысы келді.

Аққұм аудан орталығынан алысырақ үш жүз шақырымдай жерде орналасқан ауылда. Ұшы қиырсыз кең далаға созылып жатқан құмды аймақ. Бұрын соңды осындай құмды теледидардан көретін Бақыт енді өз көзімен көрді. Әдемі құмдар кез-келген адамды өзіне баурап алса, оның ішіндегі жұмбақ өмір  құпиясымен өзіне тарта беретін секілді.  Аян мен Бақыттың арманы сол жұмбақ әлемнің бір бөлігін болса да өз көздерімен көру.

Ауылдың табиғаты мүлдем басқаша. Сапырылысқан көлік те жоқ, адамдар да аз. Табиғат. Тыныштық. Ауыл ортасында гүрілдеп ағып жатқан артизан суы. Жер астынан тоқтаусыз шығып жатқан мөп-мөлдір судың дәмі тіл үйіреді. Халық сенімі бойынша осы судан дәм татқан әйел міндетті түрде егіз бала табады екен. Мұның қаншалықты рас екенін қайдам, бірақ адамдар осы суға арнайылап келіп, ырымдап ішеді екен.

Іше бергің келеді. Аянның ата-әжесі немерелерінің келгеніне қатты қуанды. Әжесі үйіндегі бар тәттімен балаларға шәй демдеді.

Түс ауа аталарына көмектеспек болып олар далаға шықты. Көмектесемін деген сылтау ғана болатын. Қалайда білдірмей құмға кетіп қалғылары келді. Құмға ең жақын жол -ағып жатқан бөгет суды кешіп өту. Ал ауылдың сыртымен барса тым алыс.  Әжелерінің «Әй, құмға барушы болмаңдар»,-деген сөзіне екеуі құлақ аспады. Аттарға жем беріп болған соң, екеуі бір атқа мінгесіп, құмға қарай бет алды. Егер атпен барса жол жақын, оның үстіне құмға кеткендерін үйдегілер де байқамай қалады деп ойлады.

Бөгетті кесіп өту оңайға соқпады. Әсіресе бұрын соңды атқа отырып көрмеген Бақыт үшін тіптен қиын.  Екеуі бірге жүрсе кез-келген қиыншылықтың шешімі табылар. Арғы жағалауға өткен соң жылқыны сол жерге байлап, өздері әрмен қарай жаяу кетпек болды. Қолдарына әжесінің көжесін, және қамшы алды. Ал Бақыт Аянға көрсетпей қол шаппасын да алды. Кім білген. Айдала, адам жоқ, тек екеуі ғана. Түлкі кездесіп қалса..

Құмға кірген соң ауыл тым алыс көрінді. Осыншама жерге жеткендеріне өздері мәз.

Қараңғы түспей қайту керек,-деді Бақыт Аянға қарап. Әйтпесе мына жер қорқынышты. Мүлдем басқа әлем секілді.

Қорықпаа,-деді Аян сықылықтай күле, бұл жер саған орман емесқой, оның үстіне ауылға да жақын жердеміз.

Балалар бұл жерге келгенде не күтіп тұрғанын білсе ғой, аққұмның маңына да жоламас еді. Бірақ қорқынышты қызығушылық жеңіп, олар әрмен қарай жүре берді. Тамаша көріністі қызықтап, қарға аунағандай құмға аунап ойнап келе жатқан екеуі өздерінің адасқандарын да байқамай қалды.

Аян, біз адасып кеткен секілдіміз, қарашы.. Бақыттың даусынан қорқыныш байқалды.

Аян айналаға көз жіберді. Күн ұясына батып та қалған. Ойнап жүріп қалай алыстап кеткендерін де білмей қалған. Қайда көз жүгіртсең де жан-жақтың барлығы құм.  Ауыл мүлдем көрінбейді.

Біз адаспаймыз, келген жолымызды білеміз ғой,-деді Аян сабырлы күймен.

Екеуі келген жолдарымен кері қарай жүргендей болды. Қай жаққа бағыт алғандарын өздері де түсіне алмады. Екеуі біраз жүрді. Әжесінің көжесі де таусылды. Қараңғылық екеуін қуа түскендей жылдам батуда. Бақыт қолындағы шаппасын қысып ұстады.

Аян, ананы қара, бірдеңе жылтырайды

Расымен тонадай жерден әлдененің жылтырағаны байқалды. – жүр, қарайық, мүмкін алтын болар,-деді Бақыт шаршағанын ұмытып.

Бағытымыздан адасып кетерміз, әшейін шөлмек болар..

Жоқ, Аян, шөлмек емес, - деп Бақыт айтқан сөзінен қайтпады.

Олар келе жатқан бағыттарынан  әлгі көзге түскен жылтырға қарай бұрылды. Көзге жақын көрінгенімен, жеткізіп болмайтын не нәрсе болды екен? Қараңғылық аспанды толығымен жаулады. Екеуі ақырын адымдап, әлгі жылтыраған затқа да жетті.

Бұл не? Бақыт әлгі затты алуға батылы бармады.  Жартылай құмнан шеті шығып тұрған тарақ секілді. Аян оны суырып алды. Ия, расымен тарақ екен. Әншейін емес, күмістен жасалған.

Тарақты тамашалап тұрған екеуі алыстан шыққан құлаққа жағымсыз дауысты естіді. Қасқырдың ырылы секілді. Құмды жерде қандай аң болуы мүмкін? Мүмкін бұл құбыжық болар? Екі баланың қорқыныштары төбелеріне шықты. Екеуі тұрған жерлерінен айғайлай қашты.  Қорыққанға қос көрінді ме, әлгі дауыс шығарған аң соңдарынан қуып келе жатқандай.

Олар ұзақ қашты. Қанша қашқандары белгісіз, бөгеттің жанына келгенде барып демдерін басты. Арттарына қарауға шамалары жоқ, атқа мініп үйге қарай шаба жөнелді. Үйге қалай жеткендерін де, қалай көрпенің астына тығылып, қорыққаннан, шаршағаннан қалай ұйықтап кеткендерін өздері де сезбей қалды. Өң бе әлде түспе? Түсініксіз.

Бақыт бетіне түскен күн сәулесінен көзін әрең ашты. Ауылда ашық аспан астында, сәкінің үстінде, жусанның жұпар иісі.  Жанынан Аянды іздеді. Алаңсыз ұйықтап жатыр. «Кеше не болды? Мүмкін қорқынышты  түс шығар»,-деп ойлады.

Әй балалар, тал түс болы, тұрсаңдаршы қане, түнімен ойнайсыңдар, таңертең тұрмайсыңдар,-деген әжесінің сыңғырлаған даусынан Аян да оянды.  Күнге тыржия бір қарады да,кешегі оқиға есіне түсіп кеткен болуы керек, Бақытқа қарады. Екеуі бір-біріне үн қатпады.  Шамасы екеуі де әлі өң мен түстерін ажырата алмаған ау. Ештеңе болмағандай:

Қайырлы таң!-деді Аян досына.

Қайырлы таң..

Кешегі жағдай түс емес екеніне екеінің көздері жете бастады. Денедегі жырылған, жараның орындары. Оның үстіне қанша жүгіргендері белгісіз, аяқтары мүлдем қозғалмай қалған. Бақыт та, Аян да кешегі жағдай туралы бір сөз айтпастан орындарынан тұрды. Төсектерін жинап, әжесінің дайындаған шәйін ішуге жайғасты. Олардың жанына атасы да келіп жайғасты. Ол әлденеден күдіктенгендей екеуіне алма-кезек қарады.

Сендер кеше қайда бардыңдар?

Екеуі де жауап қайтармады.

Мен сендерге құмға бармаңдар деп ескерттім ғой. Атасының қатты шыққан даусынан Аян қорқып кетті.  Екеуін де де үн жоқ.  Үлкен кісінің неліктен бұлай ашуланғанын түсінбеді.

Болған жағдайды атасы түгіл, екеуі бір-біріне айтуға қорықты. Дегенмен үнсіздікті Бақыт бұзды.

Аян, түндегі тапқан нәрсе сенде ме?

Ия..

Ол не екен? Дұрыстап қарамадық па?

Түш.. атам естіп қоймасын..

Атасы әрмен қарай кеткен соң екеуі тығыла, тапқан олжаларын дұрыстап қарауға кірісті. Күмістен жасалған, тістері түгел, әйел адамның тарағы. Қатты ескі деп айтуға да келмес, ешқандай дат баспаған. Таспен өрнектелген болуы керек, орындары бар, тастары түсіп қалған секілді. Салмағы бар құнды зат секілді. Бақыт пен Аян тарақты біраз айналдыра қарады.

Аян, біз мынаны тапсырсақ өте бай боламыз, білесің бе?-деді Бақыт өз-өзіне риза боп.

Қайдағыны айтпа, біз бұны кімге сата аламыз?

Керсінше екеуміз нағыз археолог боламыз. Есіміміз жер жүзіне әйгілі болады. Мүмкін осы тапқанымыз үшін бізді Астанаға шақыртып қалар. Сол кезде біздің Елорданы көретін арманымыз да орындалып қалар,-деп Аян терең күрсінді.

Екі достың арманы Елордамыз Астананы көру болатын. Ондағы жаңадан салынған ерекше ғимараттарды көріп, әсем қала Астананы тамашалау бала түгілі үлкенге де арман еді.  Тәтті қиялға берілген  екеуі атасының  жандарына қалай келгенін де байқамай қалды.

Құлыншақтарым, не қарап отырсыңдар?-атасы қастарына жақындағанша екеуі тарақты тығып үлгермеді.

Ата, біз,біз... әлгі...

Балаларды қынжылтқысы келмеген үлкен кісі өзі ыңғайлана отырды да, жанына балаларға «отырыңдар» деген нұсқау берді.

Ал құлыншақтарым айта беріңдер, аталарың біраз сендерге ашуланды. Бірақ оның да бір өзіндік себебі бар. Ал мен сендердің ақылды екендеріңді білемін. Сондықтан кеше не болғанын жасырмаңдар..

Атасының бұл сөздерінен кейін өтірік айта алмаған Бақыт пен Аян кеше болған оқиғаны аталарына түгел баяндап берді. Ол балалардың сөзін бөлмей, сабырмен тыңдап алды да:

Әй құлыншақтарым ай,-деді терең күрсініп, біздің аққұм сыр мен жұмбаққа, тылсымға толы. Ол өз сырын кез-келген адамға аша бермейді.

Кей адамдар осы жерде  қанша уақыт тұрса да,  қаншама рет құмға барса да,  ол жерден ерекше ештеңе көрмейді. Ал бірақ балалар, аталарың бұл құмның тылсымын көрген адам. Мен сендерге неліктен ашуланғанымды баяндап берейін. Тыңдауға дайынсыңдарма? Бақыт пен Аян «ия» деп бастарын изеді. Ал ендеше тыңдаңдар:

«Мен ол кезде небәрі 18 жаста едім. Ол кезде ауыл болып қойкезекке шығатынбыз. Бұған дейін де талай қой бағуға шығып, талай рет құмға барып ойнаған едік. Есімде, ауыл тұрғындары көбінесе құмға кіру үшін құмнан рұқсат сұрайтын. Кей кездері құм биікке көтеріліп құйындатып, маңайына адамдарды жолатпайтын. Сондықтан бұрынғы уақытта ауыл адамдары алдымен дұға етіп, сонан соң құмға кіретін. Бірақ ешкім құмның ортасына дейін барған емес. Себебі, барған адамдар адасып, жоғалып кетеді. Егер төрт-түлікте құмнан асып кетсе, оны ешкім іздемейді, өйткені оның табылмайтынын барлығы біледі. Осындай күндердің бірінде, мағанда қойдың кезегі келеді. Күн қатты ыстық, талдың түбіне көлеңкелеп отырып ұйықтап кетемін. Қанша ұйықтағаным белгісіз, оянсам қойлар жоқ. Әрі іздедім, бері іздедім. Шамасы қойлар құм асып кеткен. Оларды іздеп бармайын десем, қосылған үйдің бірнеше қойлары бар. Осы құмның ішінде не бар дейсің, көп болса қасқыр жүрер деп құмның ішіне кіруге шештім. Бұрын соңды құмның әр жағына өтпеу керектігін естіп жүргем, бірақ неліктен екенін білмейтінмін. Құм ортасымен біраз жүрдім. Шанқай түс уақыты. Қалай жүрсем де, қайда жүрсем де бітпейтін құм. Әбден шаршадым. Жүруге шамам келмегенде тұрған жерімде құлай салдым. Бірақ есімнен танып жатып, қатты шыққан дыбыстан есімді жидым. Айналамда ештеңе көрінбейді. Әлгі дыбыс тағы да естілді. Мен сол дыбыс естілген жаққа қарай жүрдім. Қайдан пайда болғаны белгісіз, елсіз, сусыз құмның ішінде үлкен қала көрінді. Бұрынғы ертегідегідей үлкен шаһар. Көзге алыс көрінгенімен мен ол жерге жылдам жеттім. Көрген кезде таң қалғанымды сөзбен жеткізу қиын. Бұл қандай жер өзі? Мүлдем басқаша, біз өмір сүріп жатқан жерлерге ұқсамайды. Қаланың қақ ортасында сарқырап су ағып тұр. Аспанда түрлі-түске боялған құстар ұшып жүр. Мүлдем басқаша. Ал адамдары адам деуге келмейді, бойлары кіп-кішкентай ергежейлілер. Тек ергежелілер емес, ұзын бойлы дәулер. Мен ертегі әлеміне түсіп кеткендеймін. Мен мұның барлығы қатты күн тигеннен елестеп тұр деп ойладым. Қатты шөлдегенмін, сарқырап тұрған өзеннен барып су іштім. Су сондай тәтті. Іше бергің келеді. Еңкейіп тұрып судың ішінен сұлу қыздың бейнесін көрдім. Есімді жиғанша ол қыз судан секіріп өтті. Құйрығы балықтың құйрығы. Мен расымен ертегі әлеміне кіріп кеткенмінба?. Бір қызығы мені ешкім бұл жерден көрмейтіндей. Мен оларды көре аламын, ал олар мені көре алмайды. Ертегі кейіпкерлерінің ішінде адамдар да бар. Тек біздерден ерекшелігі олардың терілері күнге шағылысып алтын тәрізді жалт-жұлт етеді. Қызық. Түсім болса түсім болсын, не де болса осы мекенді аралап шығайын, мүмкін қойларым да табылып қалар деген оймен шаһарды аралауға кірістім. Бұл жердің аяқ асты қалай, қайдан пайда болғаны маған әлі де түсініксіз болды.  Құмның ортасында мынадай суы бар, табиғаты бар, ерекше тұрғындары бар бұл шаһар қайдан пайда болды?  Бастапқыда аздап қорыққаныммен, кейін бойым үйреніп, өзімді жақсы сезіне бастадым. Бір қызығы, бұл жердің тұрғындары расымен мені көре алмады. Бұл тіптен керемет болды. Базардағы жемістерді қанша жесем де, біреудің қолындағысын алып кетсем де,олар мені көре алмады. Маған бұл жер ұнай бастады. Сарайлардың ішінде ең әдемісін таңдап, ішіне кірдім. Мәр-мәрдан салынған сарайдың іші түгел қымбат тастармен сәнделген. Адам баласы көрмеген кілемдер, құмыралар, перделер. Шамасы бір патшаның сарайы болар деп ойладым. Ортада үлкен дастархан жайылып, ергежейлілер тамақ тасуда. Бір бұрышта күн көзіне шағылысқан, сұлулығы ешкіммен тең келмейтін ару тұр. Оның әр іс-қимылы, назданған қылықтары, аңқыған жұпар иісі мені бірден елітіп әкетті. Хор қызындай бұл сұлуды көргенде өзімді ұмытып кеттім. Мен жәймен ғана оның жанына жақындадым. Ол мені көрмесе де, қасында біреу бар екенін сезгендей болды. Маған туралап қараған уақытта өз-өзімнен қызара бердім. Сол сұлуға қараған күйім бір орында мелшидім де қалдым. Бұл сұлуға өмір бойы қарап отыруға дайын едім.

Бұл адамдардың тілдері біздікінен басқаша. Бірақ не айтқандарын мен түсіндім. Мен ғашық болған сұлудың есімі Нүрия екен. Мен сезімге мас болып, Нүрияның ізінен қалмай,қайда жүрсе де соңынан жүрдім.бір қызығы, мен жақындаған кезде қыз әлсіреп қалатын болды. Ойыма ой келіп,  оның алтындай шағылысқан терісін ұстап көргім келді. Мен ұстаған жерлер қыздың денесінде қамшымен ұрғандай тіліне берді. Бірақ мен өзімді тоқтата алмадым. Нүрияның қасынан кеткім келмеді.

Оның  үш ағасы және қаһарлы әкесі бар екен. Анасын көре алмадым. Шамасы жалғыз қыз болар деп ойладым. Қыздың солып бара жатқанын барлығы байқай бастады. Қыз тамақ ішуден бас тартса да, әкесі дастархан басына келуді талап етті. Барлығы жиналған соң, өз тілдерінде бірдеңелерді оқи бастады. Олар оқыған сайын мен ауырлық сезіне бастадым. Өз тілдерінде дұға оқып жатқан секілді. Мен шыдай алмай, орнымнан тұра қаштым. Қыздың қолын жіберген кезде, ол терең тыныстады.

Адам!- деді әлгі ағасының бірі орнынан тұрып. Оның түрі сондай қорқынышты еді.

 Бұл адамның ісі,-деді әкесі. Ахметті дереу алдырыңдар!

Мен өз-өзіме әрең келгендей болдым. Бойымды қорқыныш билей бастады. Олар өз тілдеріндегі «дұғаны» оқуды тоқтатпады.

Ахмет келді!- деді әлгілер. Бөлмеге мен тәрізді адам кірді. Үсті алтындай жалтырамайды, күнге шағылыспайды.  Жүзі де маған таныс көрінді.

Ол бөлмеге кіріп, Нүрияның әкесіне басын изеді. Мені көрді. Көргенін сездім. Бірақ онысын білдірмеді. Әлгілер түсініксіз тілде сөздер айтуда. Әлде дұғадан соң мен олардың тілдерін түсінбей кеттімбе?  Ахмет бөлмеге көз жүгіртті. Терезенің алдына барды. Жәймен мен тұрған жерге жақындады.

Кет бұл жерден,-деп сыбырлады. Мен ештеңе түсінбедім.

Бұл жерде қазір ешкім жоқ, бірақ мына жерге адам кірген,-деді Нүрияның әкесіне.

Мен дереу бұл жерден кетуді ойладым. Нүрияны қимасамда, қалай қашып шыққанымды өзім білмей қалдым. Бұл   жерден алшақтаған сайын, бойыма қайтадан күш жиналғандай болды. Жүріп-жүріп бір саябаққа келдім. Биік ағаштың көлеңкесіне келіп қисая кеттім. Қатты ұйқы қысып, көзім жұмыла берді.

Көзімді ашсам  мүлдем басқа жерде жатқанымды түсіндім. Дәмді тамақтың иісі мұрынды жарады.

Жақсы ұйықтап демалған боларсың, қазір тамақ ішеміз.-деді

Нүрияның үйінде көрген Ахмет.

Мен мұнда қалай келдім? Сен кімсің?  Мен оны сұрақтың астына алдым.

Ол жәймендеп жаныма келді. Алақанымен маңдайымды ұстап, дене қызуымды тексергендей болды.

Алдымен беті қолыңды жу. Мен берген шәйді іш. Мен дайындаған тамақты іш. Сен перілердің сиқырлы әлемінде жүрсің.

Бала кезімде Оспан деген қарияның үлкен ұлы қой кезекке шығып, қайтып оралмай қалғанын естуші едік. Сол жоғалған баланың есімі Ахмет еді. Бұл сонда сол Ахмет болғаны ма?  Мен ойымды жинақтап болғанша

Ия, мен сол Ахметпін. Бала кезінде жоғалған Оспан қарияның ұлымын,-деді.

Сонда қалай, ол менің ойымды оқи алғаныма? Мен аң таң болдым. Алдымен ол демдеген шәй мен асты іштім. Күш-қуатым өзіме қайтып келгендей.

Сонда осыншама жылдан бері сен құмда өмір сүріп жүрмісің? Бұл не қылған жер?  Мен Ахметке сұрақ қоя бердім, себебі мен бұл түс емес екеніне көзім жете бастады.

Аңызға сенсек Аққұм өлкесі басқа тылсым әлемнің мекені, -деп бастады әңгімесін. Бұл маңайда адамдар өмір сүрмеуі керек. Бізідің көшпелі бабаларымыз осы жерді қолайлы көріп осы маңайда тұрақтап қалған. Ал құм бұл ежелден перілердің мекені. Сол кезден бастап осы жерде адамдар жоғала бастады. Оларды перілер ұрлап әкетеді, немесе өздеріне шақырады. Бірақ адамдар оны аңыз етіп айтты да, бірақ сенбеді. Мені де кезінде пері ұрлап әкетті. Сен де бұл жерге перінің шақыруымен келдің. Сен бұл жердің бар екенін өз көзіңмен көрдің. Бұл құмда жеті тіршілік иесі тұрады. Олар перілер, ханьянгилер, дәулер, сфинкстер, мактубалар, синкамалар және адамдар. Біз секілді адам емес, осы жердің негізгі тіршілік иелері құм адамдары.  Сиқырлы әлемге кірсең қайта шыға алмайсың. Сен мұнда әзірге ғана көрінбейсің. Осы жердің суын ішіп, асын ішсең өз эфиріңді жоғалтасың. Ол сені адам етіп тұрған энергияң. Ол жоғалса, басқалары сені көреді. Сені көрсе сен бұл жерден қайтар жол таппайсың. Мені түсіндіңбе?-деді Ахмет маған тура қарап.

Басымда мың сауал сұрақ туындады. Ахметтің айтқандары маған ертегідегідей көрінді. Бірақ бұл ертегі емесқой. Мен барлығын өз көзіммен көрдім. Егер мен де осы жерде болсам, Ахметті көрсем бұл расында түс емес.

Мен өз жеріме қайтып кете аламынба? Менің қойларым...

Сен бұл жерге не үшін келгенің енді есіңе түсті ме? Перінің қызына ғашық болып, енді болмағанда кім екеніңді ұмытатын едің. Сен бұл жерде тектен-тек жүрген жоқсың. Бұл жерге сені шақырған перінің қызы.

Нүрия мені шақырдыма?

Ия..

Өзің де білесің, құм кез-келген адамды өзіне кіргізбейді. Ал шаһар кез-келгеннің көзіне көрінбейді. Құмның арғы жағынан перілер адамдарды бақылай алады. Ал адамдар құмға кірсе көздеріндегі перде оларды керсінше соқыр етеді. Сондықтан сенің бірнеше күн көрінбей жүруіңнің себебі. Енді сәл болғанда перілер сені көріп ұстап алатын еді. Олар сені өздеріне бағынышты етеді. Қалаған тапсырмасын орындатқызады. Нүрия сені сыртыңнан бақылап жүрген. Сен ұйқыда болған кезде қойларды құмға айдаттырған да өзі.

Қалайша? Сонда бұл сұлудың өзі маған ғашық болғаныма?

Ахмет ойын жинақтағандағандай біраз үнсіз қалды.

Періде ешқандай келбет болмайды. Сенің Нүриядан көрген бейнең, ол сенің қиялыңдағы сұлу. Ал Нүрия тек сол кейіпке енді.

Мен бұл сөздерге сенгім келмеді.

Егер мені бұл жерге Нүрияның өзі шақырса, неге перілер маған қарсы дұға оқыды?

Себебі олар қыздарының адамды шақырғанын білмеді. Егер олар сені өздеріне бағындыратын болса, сен оларға тәуелді боп қалар едің. Мұндағы ергежейлілерді көрдің ғой? Перілер оларды өздеріне бағынышты етіп алды.  Бұл жер сен ойлағаннан да күрделі..

Мен Ахметтің айтқандарына біраз ойландым. Менде тек екі сұрақ туындады.

Сен бұл жерге қалай келдің?

Мен бұл жерден қалай шығамын?

Ахмет терең күрсінді.

Мен бұл жерге өз еркіммен келдім десем өтірік болмас. Мен ол кезде студент едім. Бала кезімнен құмда өссем де, оның тылсым сырына сенбейтінмін. Қанша құмды араласам да ешқандай тылсымға жолықпадым.  Күндердің күні басқа балалар секілді маған да қойдың кезегі келді.   Мен бірақ ұйықтамадым, керсінше қойларымның соңынан еріп жүре бердім. Жүре-жүре олардың ауылдан алыстап кеткенін байқадым. Бірақ қойлар өз бағытын білетіндей жүре берді. Құмның ортасынан оазис пайда болды. Айнала көгал, тұп-тұнық ағып жатқан мөлдір су. Барлық жануар осы жерде. Бұл қайдан пайда болған жер деп қатты таң қалдым. Өз көзіме өзіме сенбедім. Артынан білдім, бұл перілердің жері. Бұл жерге келген төрт түлік те, адам да, өз жеріне қайтқысы келмейді. Осы жерде қалады. Бұл жер оларға жұмақ секілді. Бірақ бұл жұмақ шынайы емес. Перілер осы жерге келген барлық тіршілік иелерін өздеріне бағынышты етіп алады. Олардың тылсым күшіне ешкім төтеп бере алмайды.

Бұл жерде адамдар да мекендейді. Ол құм адамдары. Олар перілерді де, жануарларды да, керек десең табиғатты да басқара алады. Бірақ олар себепсіз көзге көріне бермейді. Олар осы құмның қорғаушылары.

Бұдан артық саған білуге болмайды.

Неліктен бұл жерге келген адам кете алмайды? Мен бұл жерде мәңгі қаламынба?

Мұнда кірген адамның жаны осы жерде қалады, тәні жүре береді. Барлығы түс секілді болып қалады. Бұл сиқырлы әлемнің өз ережесі. Бұл жер туралы адам баласы білмеуі керек. Бұл жерден шыққан адам өзінің кім екенін ұмытады,есін жоғалтады. Бірақ сенің әлі де болса бұл жерден кетуіңе мүмкіндік бар. Бұл жерден сені тек сиқыр құтқарады. Ол үшін біз құм адамдарына баруымыз қажет.

Ахметтің әңгімесінен соң мен өз жеріме оралмай қалудан қорықтым. Бұл әлем расымен ертегідегідей, керемет,бірақ мен үшін өз жерімнен артық жер жоқ. Бұл жерде неғұрлым көп жүре берсең, соғұрлым өз жеріңді, жақындарыңды ұмыта бастайсың. Тіптен өзіңнің кім екенің де есіңнен шығып кетеді.  Уақыт жоғалтпай біз тезірек құм адамдарына баруды ұйғардық.

Бір нәрсе есіңде болсын,-деді Ахмет, сен өз мекеніңе қайту үшін қимасыңды тәуекел етесің. Егер көнбесең, осында мәңгіге қаласың.

Есіңде болсын, бұл жер туралы адам баласына тіс жарушы болма. Егер уәдені бұзсаң, құм адамдары сені қай жерден болса да тауып алады.

Мен түсінгендей басымды изедім.

Ахмет, сен өз мекеніңе оралғың келмейді ме? Туғандарыңды сағынбадың ба? Ол терең күрсінді.

Олар мені баяғыда-ақ тірілердің қатарынан өшірген. Мен оларды сырттарынан бақылап тұрамын. Оларда барлығы жақсы...

Құм адамдарына барар жол оңай болмады. Аққұм сыртынан қарағанда бірнеше шақырымға созылғанымен, ішіне кірсең ұшы-қиырсыз. Түбі жоқтай. Біз мінген түйелер де тоқтамастан жүрді. Белгісіз бір жерге келіп тоқтадық. Айналаны қоршаған таулы жер. Біздің ауылда мұндай жер мүлдем жоқ, оның үстіне құмның ішінде мынадай тау болғаны қызық. Аспанда жұлдыздар анық көрінгенімен, айды көре алмадым.  Әр жерде отқа ұқсас жанған жарықтар. Айырмашылығы көгілдір түсте. Бірнеше жерде киіз үйге ұқсас етіп тігілген шатырлар. Оның алдында үлкен итке ұқсас жануар күзетуде. Ит деуге де келмейді, аю мен қасқыр араласқан, түрі құбыжыққа ұқсайды. Көздері от. Оның ырылдағанынан төбе шашым тік тұрды. Ахмет белгісіз тілде шатырға кіруге рұқсат сұрады. Аздан соң шатырдан ұзын бойлы, ақ киімді адам шығып, бізді ішке әкетті.

Бұл жерден перінің сарайындағыдай қымбат тастар көрммедім. Есесіне, ғажайып бақтың ішіне кіргендей болдым. Шатырдың ішінде орман, орманда әр-түрлі жануарлар, құстар, жәндіктер. Әріректе жайылымда қойлар жүргендей. Ия, менің қойларым.. Алдымызға бойы екі қарыс, ақ сақалы жерге дейін жеткен, жүзінен «нұр» төгілген адам келді. Мен жалпы мектептен де, университетте оқығанда да суреттерден  адам дамуының эволюциясын көрген едім.  Бірақ адамның мына түрін ешқашан, еш жерден көрген емеспін. Мен бір кереметті көргендей таңырқадым. Оның дауысын естігенде, мүлдем басқаша күйде болдым. Себебі мен оның даусын құлақпен емес, жүрекпен естідім. Ол аузын ашпаса да, мен оның не айтқанын түсіндім.

Ахметтің айтқан сөздерін ол маған тағы да айтты. Бұл әлем туралы ешкім білмеуі тиіс. Және мен өз қимасымды осы жерге құрбан етуім қажет. Ол кезде мен бұл сөздерге аса мән бермедім.  Кейін сендер құмға кеткен кезде ғана осы сөздер санамда қайта жаңғырды.  

Аянның атасы терең күрсінді. Оның неліктен балдарға ашуланғаны енді түсінікті болғандай.

- олар мені суға толы астауға жатқызды. Қорықпа. Енді бұл жерге келуші болма ,-деді. Мен сұрақ қойғанша әлгі ұзын адам ішінен дұғасын оқыды да, мені суға батыра берді. Мен тұншығып, қарсылық білдіре бастадым. Бірақ қарсыласуға шамам келмеді. Көз алдымда құм адамы мен Ахмет ғайып бола бастады. Әбден суға тұншығып, қатты шашалып ояндым. Оянсам сол баяғы талдың түбінде екенмін. Тамшылап жауған жаңбыр үлкен нөсерге айналып, бетімді жуып кеткен. Бұл не сонда? Қойлар орнында жайылып жүр. Дереу орнымнан тұрып ауылға қарай жүгірдім.

Сол жағдайдан соң есімді білмей үш күн жатқанмын. Қызуым түспей, біраз сандырақтаған екенмін. Төртінші күн дегенде есімді жиып, сөзге келдім. Барлығы мені жаңбырдың астында қалып, суықтап ауырып қалды деп ойлады. Не болғанын өзім де түсінбедім. Қойлар да түгел. Бұл сонда не болғаны? Мен құмда жүрген кезде бірнеше күн өтіп кетті. Ал оянсам барлығы түс секілді. Мен өң менен түсті ажырата алмадым.

Сол оқиғадан соң мен бірнеше рет қой кезекке шықтым. Ондай оқиға қайталанбады. Бірақ болған жағдай туралы мен ешкімге осы уақытқа дейін тіс жармадым. Осылай құлыншақтарым. Енді аталарыңның не үшін сендерге құмға барма дегенінің себебін білесіңдер.

Бақыт пен Аян атасының әңгімесінен кейін ғажайып әлемге саяхат жасап келгендей болды.

-  Ата, бірақ бұл түс емесқой?-деді Аян

- Сол оқиғадан соң мен құмға бармадым. Артынан ол ұмыт болды. “Қетсең қимасыңды құрбан етесің” деген сөзде ұмтылған еді. Бірақ сендер құмға кеткен кезде құмның ұмытпағанын сездім.

- Ата, енді не болады? Құм адамдары бізді алып кетедіме? Бақыт қорыққанын жасыра алмады.

- Ештеңе де болмайды. Тек тыныш үйлеріңе барып, сабақтарыңды оқисыңдар. Болған оқиғаны ешкімге айтпайсыңдар.

- Ал біз тапқан тарақ ше? Ол кімдікі болуы мүмкін?

- Ол тарақты маған қалдырасыңдар,-деді атасы. Балалар тарақты атасына тастағылары келмесе де, қимастықпен беруге тура келді.

Демалыстары бітіп, кетер күн жақындағанда Аян атасының жастығының астындағы тарақты қайта ұрлап алды. Ертесіне таң ата екі дос ауылдарына аттанды.

Аян мен Бақыттың өмірі енді бұрынғыдай болмады.  Олар аққұмның тылсымы туралы естіген соң ол жерге құмартты да бірақ қорықты.  Сабақ кезінде үнемі атасының айтқан әңгімелерін естеріне түсіріп,көз алдарына елестетті.

- Аян, - деді Бақыт досына, мүмін біз тарақты Бимырза ағайға көрсетерміз? Қашанға дейін оны тығып ұстаймыз. Мүмкін біздің есіміміз газет бетіне жарияланып қалар..

Бимырза ағай деп отырғаны тарих пәнінінің мұғалімі. Білімді, сабақ түсіндірген кезде кітапта жоқ, ешкім білмейтін деректерді де қосып айтатын. Ол тарихи жерлерді зерттеп, көненің көзін жаңғыртқанды ұнатады. Оның үстіне тылсымға да сенеді.

- Егер ол бізге сенбесе ше? Атам ешкімге айтпаңдар деді ғой

- Біз бәрібір бұл затты орнына қайтаруымыз керек, немесе...

Екі достың әңгімесін естіп тұрған Бимырза сабақтың аяғында екеуіне қалуды өтінді.

- Ия балалар, - деді тарихшы ағай көзілдірігін төмен түсіріп. Сендер маған не көрсетпекші едіңдер? Маған не нәрсені айтуға болмайды екен? Сабақ кезінде сыбырласып әңгімелескен екеуі, артында тұрған ағайларын мүлдем естиді деп ойламаған еді.  Бақыт пен Аян бір-біріне қарады.

- Аян, Бақыт, егер маған сенбесеңдер мен сендерді айтуға күштемеймін. Ал егер соншалықты маңызды нәрсе боп, мен білмей қалсам..

Сәл үнсіздіктен соң Аян табылған күміс тарақты ағайының алдына қойды.

Ерекше жасалған тарақты Бимырза біраз айналдырып қарады да:

Ал енді айта қойыңдар, бұл құндылықты қай жерден және қалай таптыңдар?

Екеуі шындықты айтқылар келмей біраз іркілді. Олар ерекше тарақты аққұмнан тапқандарын айтқанымен, атасының айтқандары туралы тіс жармады. Бимырза Бақыт пен Аянға көп сұрақ қойды.

Қалай таптыңдар, қанша уақыт болды тапқандарыңа, құмның қай жерінен таптыңдар..

Ағай, бұл қай заманның заты болуы мүмкін?- деді Аян

Бұрын соңды, аққұмның орны түгел бір шаһар болған деген аңыз бар. Ол шаһарда барлық сарай мәр-мәр тастан салынып, іші қымбат тастармен көмкерілген деседі. Жаугершілік заманда адамдар перілерден көмек сұрайды. Сөйтіп олар сиқырдың күшімен адам көзінен ғайып болып, құмның астына түсіп кеткен деген аңыз бар. Ал қай аңыздың астарында бір шындық бар. Ал енді мына сендердің тапқан жәдігерлерің соның дәлелі секілді. Егер бұдан басқа да заттар табылатын болса, екеуіңнің есімдерің тарихта қалады. Сендер сол ескі шаһарды тапқан алғашқы адам боласыңдар. Ал әзірге мына зат менде болсын. Мен оны тағы да білетін адамдардан сұрастырамын. Болған соң өздеріңе қайтарып беремін. Келістікпе?

Бимырзаның сөздері құлаққа жағымды естілгенімен, балалар оған аса сене қоймады. Бірақ амал не, олар өз құпияларын өздері жариялады.  «Жарайды» дегендей Аян мен Бақыт бастарын изеді. Сол күні екеуі де үлкен қателік жасағандарын сезгендей болды.

Бимырза ағайларына бұл жағдайдың айтылғанына да біраз уақыт болды. Бірақ сол әңгімеден соң ағайлары мектептен де, ауылдан да мүлдем көрінбеді. Бақыт пен Аян оны қайдан іздерлерін білмеді. Ол сол күміс тарақты алған күннің ертеңіне жоқ болды.

Аян, ол қайда жоғалуы мүмкін? Қалай ойлайсың? – деді Бақыт. Үйіне де іздеп бардық, қайда кеткенін ешкім білмейді.  Мектептегілердің де хабары жоқ. Біз оған аққұм туралы бекер айттықпа? Ол қайда жоғалып кетуі мүмкін?

 Мүмкін оны аққұмның перілері алып кетсе ше? Ол да мүмкін ғой. Атамның әңгімесін естідің..

Екі дос бір-біріне қарады. Бір ғана сұрақ. Енді не істейміз?

Егер ағайды расымен перілер шақырған болса, оған біз кінәліміз. Атамның айтқанын тыңдап, тарақты алмауымыз керек еді. Ертең ағайды іздеуге аққұмға аттанамыз. Керекті заттарымызды алып, тәуекелге бел буамыз. Келісесіңбе?

Келісемін.

Екі дос ата-әжесінің аулына таңертең ертемен аттанды. Олар өздерінің ауылға келгендерін үлкен кісілерге білдірмес үшін бірден құмға қарай бет алды. Іштерінен бар білетін дұғаларын оқып, құмға кірді.

Айнала тып-тынық. Әдемі табиғат. Құмның үстінде желдің өрнектеп қалдырған іздері. Күнмен шағылысқан кезде жерге бейне бір құм емес, алтын төселгендей. Балалар ұзақ жүрді. Арасында кесіртке мен тығылған жыланнан басқа ештеңе көрмеді. Бітпейтін құм. Атасы айтқандай ешқандай ескі шаһар да, құм ортасындағы оазисте көрінбеді.  Олар әбден шаршады. Күн жәймендеп ұясына тығыла бастады.

Осы жерден тоқтайық,-деді Аян Бақытқа қарап. Атамның айтқандары бізді құмға бармас үшін айтқан ертегісі секілді..

Ал біз тапқан тарақ ше?-деді Бақыт әлі де болса үміттеніп.

Оны мүмкін біз секілді адасып жүрген адамдар жоғалтқан шығар. Атам бізге аққұм туралы өтірік айтқан, бұл жерде құмнан басқа ешнәрсе жоқ.

Аян өзін ақымақ сезініп қатты ашуланды. Шаршаған екі дос қалған суларын ішіп, құмға құлай кетті. Күннің ыссылығы мүлдем болмағандай. Түн өте суық еді. Аспандағы жұлдыздар бір-бірімен сырласқандай жарқ-жұрқ етеді. Әне жетіқарақшы. Оған қарап ауылға бағыт табуға болады.

Аян, ұйықтап қалдыңба?

Жоқ..

Біздің сенгеніміздің барлығы өтірік болғаныма?

Аян терең күрсінді. Алыстан от тәрізді лаулап жанған жарықты екеуі де байқағандай болды. Бірақ ол отқа ұқсамайды, көгілдір түсті. Екеуі үшін бір үміттің ұшқыны пайда болды.

Бақыт көріп тұрсың ба?

Иа..

Кеттікпе?

Кеттік..

От жақыннан көрінгенімен екеуі біраз жүрді. Олар жақындаған кезде үлкен қала көрінді. Өз көздеріне өздері сенбеді.

Атам бізді алдамаған Бақыт, шынымен де сиқырлы қалаға келдік, урааа...

Қала атасының баяндағанындай, ертегідегідей. Әр-түрлі түсте жанған от алаулары, кіп-кішкентай ұшып жүрген түрлі түсті құстар, көбелектер, ергежейлілер, дәулер, жануарлар. Бұл жерге не үшін келгендерін ұмытқан екі дос шаршағандарын ұмытып, қуанғанынан асыр салды. Бұрын жеп көрмеген тәтті жемістердің дәмін татып, шырындар ішті. Бұл жерде не тілесең сол орындалады. Бала кездеріндегі армандаған  ұшқыш кілем де осы жерден табылды. Бұл шаһар екеуінің келуін күтіп тұрғандай. Балалар өздерін өте бақытты сезінді.

Нағыз ертегідегідей әлем. Бақыт пен Аян ұшқыш кілемдеріне отырып шаһарды аралады. Ең дәмді тағамдарды жеп, ең үлкен сарайда ұйықтады. Су перілерін тамашалды, құстармен жарыса ұшып, ергежейлілермен ойнады. Олар мұнда өздерінің не үшін келгендерін ұмытты. Оларды ешкім көрмеді. Дегенмен сырттан келген басқа тіршілік иелерін перілер міндетті түрде сезеді. Алаңсыз отырған екі дос, табиғаттағы ерекше құбылысты байқады. Аспанды бұлт торауылдап, құстар жан-жаққа ұша бастады. Айналадағы әсем табиғат күлгін түске боялып, солғын тартты. Екеуі не болғанын түсінбей қалды. Алыстан жылқының кісінеген даусы естілді. Күннің күркіреген дауысы жер жаһанды дірілдетіп жібергендей. Кісінеген жылқының дауысы жерден емес, көктен естілді. Бұл әшейін жылқы емес, қанаттары бар ежелгі грек мифіндегі пегас секілді жылқылар. Үстінде қара киімге оранған, сақалдары жерге дейін сүйретілген  белгісіз жандар. Атасының әңгімесіндегі сипаттама бойынша құм адамдарына келеді. Жылқылар құйындата аспанды бір айналды да жерге келіп қонды. Бұл көрініске екі дос қатты таңырқады. Құм адамдары. Атасы оларды өте әдемі, жылы шырайлы деп сипаттаған еді. Ал мыналардың түрлері өте суық, қорқынышты көрінді

- Сіздер кімсіздер? Бізден не керек? Үнсіздікті бастап Аян бұзды. Әлгілер жауап бермеді.

Сендер ережені бұздыңдар..  Олар сөйлемесе де дауыс екеуінің құлақтарына жетті.

Осы сәтте екеуі бұл жерге не үшін келгендері есіне түсті. Бір-біріне қарады.

Біз ағайымызды іздеп жүрміз. Біз оған осы жерден табылған күміс тарақты бергенбіз. Ертеңіне ол жоғалып кетті. Біздің ойымызша оны перілер ұрлап әкетті..

Құм адамдары жауап бермеді. Ортасында тұрған ұзын сақалды атынан түсіп Аян мен Бақытқа қарай жақындады. Қолындағы таяғымен аспанға бір белгілер салды. Мөлдір сағым пайда болып, екеуінің Бимырзаға тарақ беріп жатқан көрініс кәдімгі кинофильмдегідей етіп көрсетілді.

Ертесіне ол тарақты алып жолға аттанды. Белгісіз бір адамдармен кездесіп, тапқан тарақты көрсетті. Бірдеңелерді айтып әлек. Ол қолындағы басқа қағаздарды да көрсетіп бірнеше дәлелдер ұсынған соң, жан-жақтан қызығушылық пайда болады. Балалардың түсінгені олар ескі жәдігерлермен қатар алтын іздеушілер. Ғылымға, археологияға, тарихқа еш қатысы жоқ адамдар. Олардың мақсаты бір ғана.  Құнды заттар және алтын. Нәтижесінде жан-жақтан адамдар жиналып, құмды зерттемекші.

Біз не бүлдірдік Аян, - деді Бақыт досына қарап. Екеуі де өз қателіктерін мойындады. Сиқырлы әлемді бұл адамдарға көруге болмайды. Адамдар бұл әлем туралы білсе, үйлесімділік жойылады.

Біз қателестік. Уәдені бұздық. Енді қалайша қалпына келтіре аламыз?- деді Аян құм адамдарына.

Тым кеш. Олар құмға жақындап қалды.. Бірақ біз осы жерден кеткенше оларды тоқтатуға болады.

Ендеше не күтіп тұрмыз? Біз не істеуіміз қажет?- деді Аян сабырсызданып.

Сендер бізбен бірге жүресіңдер. Осы жерді мекендейтін жеті тіршілікті жинаймыз. Жиыннан соң не істеу керектігін айтамыз.

Сендер біздің соңымыздан еріңдер. Кілем сендерді қайда әкелу керектігін біледі.

Құм адамдары қанатты аттарына, ал Аян мен Бақыт ұшқыш кілемдеріне мініп, белгісіз жерге бағыт алды.

Жоғарыдан қарағанда көз тоймайтын әсем табиғат. Ну орман, тау таспен, ағып жатқан өзен. Кілем біраз айналып таулы аймаққа әкеп қондырды.

Барлық тіршілік өкілдері жиналған. Аян мен Бақытты күтіп тұрғандай.

Құм адамдары барлығына түсінікте тілде болған мән-жәйді түсіндірді. Екі дос өз қателіктерінен қатты ұялғандары сонша, төмен салбыраған бастарын көтеруге де дәрменсіз еді. Ертең Бимырза бастаған адамдар осы жерге келеді. Сиқырлы әлем олардан ұзақ жасырына алмайды. Сондықтан бұл жерден біратала қоныс аударуға тура келеді. Бұл жерден кетпейміз деп те қарсылық білдіргендер болды. Бірақ кетпесе адамдармен арадағы тепе-теңдік жойылады. Перілер мен адамдар арасында соғыс басталуы мүмкін. Сондықтан бұл жерде сиқырлы әлемнің қалмағаны дұрыс деген шешімге барлығы да келісті.

Бақыт пен Аян құм адамдарының және жеті тіршілік өкілдерінен кешірім сұрады. Олар өз қателіктерін өтеу үшін, қолдан келген көмектерін аямайтынын айтты.

Барлық жеті өкіл басқа жерге қоныс аударатындарын айтты. Ол үшін оларға үш күн үш түн жеткілікті. Сол кездің аралығында адамдар ешқандай бөгет жасамаса, кедергісіз қоныс аудару жүзеге асады.

- Адамдарды құмда адастыруымыз қажет,-деді Аян. Оларды мүлдем басқа бағытқа әкетсек. Ол үшін біз құмның астына түрлі заттар қалдырайық. Егер соған алданса, біз оларға басқа жолды сілтейміз.

- сендер бұл жерде ұшқыш кілеммен жүре алмайсыңдар,- деді құм адамы. Сондықтан мен сендерді құсқа айналдырамын. Бұл жерде сиқырлы әлемнің де, тылсымның да ешқандай белгісі болмауы қажет. Мен сендерге сенемін. Аян мен Бақыт. Мүмкін біз тағы кездесерміз. Қош болыңдар балалар!

Жер бетінде адам болып жүрген басқа, көкте қыран боп шарықтаған мүлдем басқа. Бастапқыда биікке самғаудан қорыққан екеуі құс екендеріне үйренісе алмады.Аспанда қалықтап, жердегінің бәрін көру қандай бақыт.

- Ая а а а ан, мен құспын, мен ұшып жүрмііін, - деді Бақыт сезімдерін жасыра алмай. Мен туымызда бейнеленген қыран секілдімін...

Қалықтап ұшқан екі қыран, сонау биіктіктен құмға кірген адамдарды байқады. Қолдарына әр-түрлі құрылғылар ұстаған онға жуық адам. Жан-жақтарына таңырқай қарап, құмды тамашалауда. Төбелерінде айналшықтап кетпей жүрген екі құсты Бимырза бірден байқады. Тек ол ғана емес, қасындағы адамдар да ерекше қалықтап жүрген екі қыранға көздері түсті.Оны жақсы белгіге жорыды. Бірақ Бимырза құстардың не үшін жүргенін білгендей, оған аса назар аудармауға тырысты. Екеуі адамдар жүрген жерлерден бір елі қалмады. Өздерінше жол көрсетіп жүргендей. Осы мезетте құм мен аспан ортасында жан-жаққа шашыраған үлкен сәуле пайда болды. Ол бастапқыда кез-келген адамның көзіне көрінбеді. Перілердің қоныс аударуы осы мезетте басталған еді.

Алтын іздеушілер біраз жүріп әбден шаршады. Шатырларын құрып, бір жерге тұрақтады. Қырандар оларды сиқырлы әлемнен алысқа алып кете алмады. Егер алысқа асықпай көз жүгіртетін болса, құм ортасындағы сиқырлы сәуле ап-анық көріне бастады. Әзірге оны ешкім байқай қоймады. Бірақ Бимырза ізденісін тоқтатпады. Ол қолына дүрбісін алып көктегі қырандарды бақылай бастады. Ол әлденені сезгендей.

- Осы қырандардың бағытына еріп, жолдан адасып кетпедікпа деп ойлаймын,- деді ол жанындағыларға. Бірақ оның бұл сөздеріне ешкім құлақ аспаған секілді.

- Сендерді бағыттарыңнан емес, ойларыңнан жаңылту керек, - деді Аян. Алтын қажет болса біздің соңымыздан жүре беріңдер..

Аян мен Бақыт адамдар тоқтаған жерден алысқа кетпеді. Ең бастысы мына Бимырза ештеңеден күдіктеніп қалмаса болды. Құмнан көрінген сәуле одан сайын анық көріне бастады. Егер олар бұл жерде ұзақ аялдаса сәулені көретіні анық. Сондықтан оларды бұл жерден әлі де алшаққа алып кету керек деп шешті екі қыран.

Құмнан шыққансәуле одан сайын күшейе берді. Оны көрсетпеу үшін Аян мен Бақыт барынша адмадарды әрірек алысқа қарай алып кетуді көздеді. Төмендей ұшып, бір төбенің қасынан айналып кетпей қойды. Бұл белгі болар деп  адамдар да сол жерге жақындады. Расында, құстар айналып ұшқан жерден ескі құмыраның сынығы табылды. Алтын болмағанымен, көненің көзі секілді. Не де болса құстар көрсеткен бағытпен жүре берсек, олжалы болармыз деген үмітпен олар әрмен қарай жүре берді.

Құмнан адассаң кері жолды табу өте қиын. Себебі айналаның барлығы бірдей құм. Су да, шөп те, тіптен тасалайтын көлеңке де жоқ. Алтыннан үміттенген адамдар біраз жерді қазды, қопарды, бірақ ештеңе таппады. Құмыра сынығынан басқа, сүйектер, дат басқан қасық, шөлмектер тапты. Бірақ іздеуді тоқтатпады. Күн ұясына батып, кеш қарайған сәтте құмның үсті ап-анық алақандағыдай көрінді. Алыстан көрінген жарықты да байқады. Бұл ерекше құбылысқа таңырқаған адамдар оны суретке де түсіріп үлгерді. Олар өзара жиын жасап, пікірлер екіге бөлінді.

- Алтын сол жерде, мен қателеспеймін, - деді Бимырза. Таңда сол жарық түскен жерге қарай қозғалайық - деп ол қалған топ мүшелерін көндіргендей болды.

- Аян, енді не ойлап табамыз? Егер олар сол жерге баратын болса құпия ашылады. Біз қалайда ол жерден алшақ ұстауымыз қажет.

Қанаттары енді қатая бастаған екі қыран түнімен тынбай еңбек етті.

Таң сәулесінің алғашқы нұры құм бетіне түсе бастаған кезде адамдар да ояна бастады. Түндегі жарық сәуле әлі басылмаған. Ерекше табиғат құбылысын жақын жерден тамашалауға барамыз деп шешкен, алайда олардың назары алдарында ерекше шағылысып тұрған затқа түсті. Бұл не болуы мүмкін? Оның үстіне кешегі екі құс сол жерді айнала ұшып жүр.

- Қане, сол жерге барып көрелік, құстар бізге белгі беріп жүргендей, - деді топ мүшесі. Алайда бұған Бимырза келісе қоймады.

- Құстар бізді әдейі адастырып жүргендей. Бұл жер тылсымға толы. Сондықтан көрінгенге алданбай, сәуле түскен жерге барғанымыз дұрыс,- деді. Бимырза қарсы айтылған пікірді тыңдағысы келмеді.

- Мен алтын таптым, - деп айғайлаған жігіттің дауысы барлығының назарын өзіне аудартты. Қолында расымен алтын таға. Барлығы қуанып, табылған олжаны тамашалауға кірісті. Тек Бимырза ғана мұның бәріне сенбеді. Көпшіліктің айтқанына көніп, құстар бағыт берген жерге қарай жиналды. Аян мен Бақыт жоспарлары жүзеге асу үшін түнімен тынбай еңбектенген еді. Бимырза бәрібір топтан бөлініп, сәуле түскен жаққа қарай барғысы келді. Қасындағылар қырандарды белгі деп ойласа, ол жаңылыстыру үшін солай жасалғанын сезді. Біраз жүрген соң алыстан жарқ-жұрқ етіп көрінген жерге де жетті. Құм ортасында жазық дала. Жердің бетінде жалт-жұлт етіп әшекей бұйымдар мен тағы да басқа заттар жатқан еді. Бастапқыда барлығы әшекейлерді алтынға балап қуанғанымен, артынан оның әшейін мыстан жасалған дүниелер екеніне көздері жетті. Алтын таға деп тапқан олжалары да алтын болмады. Бұл жерде үлкен шикіліктің барын түсінді. Екі күн бойы оларға жалған бағыт көрсетіп, жолдан адастырған құстар екенін сезді. Қатты ашуға булыққан Бимырза қолына мылтығын алып, құстарды атуға оқталды.Қатты қорыққан екі дос шарасыз күйде еді. Бірақ осының барлығының куәсі болған құм адамдары екі досты тәуекелге тастап кете алмады. Аяқ асты жел тұрып, аспанда үлкен дауыл пайда болды. Құмның барлығы жоғары көтеріліп, айнала мүлдем көрінбей кетті. Адамдардың қолдарындағы барлық заттар ұшып, бір-бірінен адасты. Құмның қанша борағаны белгісіз, барлығы жан-жаққа ұшып кетті. Бақыт пен Аян да сол құмның астында ес-түссіз жатты. Жоғалған екі баланы іздеуге шыққан атасы мен ауылдың адамдары көмілген құмның астынан балаларды әрең тапты.

Балалар екі күн бойы ес-түссіз жатып үшінші күн дегенде естерін жыйды.

Аян есін жиған бойда досы Бақытты іздеді.Ол да есін жиып, өзіне келген. Аян не болғанын атасынан сұрай бастады.

- Е құлыным, аталарыңның айтқанын тыңдамай екеуің құмның ішінде адасып кеткенсіңдер. Біз сендерді екі күн бойына іздедік. Сендерді іздестіруге барлық ауылдың адамдарымен қоса мұғалімдерің де келді. Бимырза ағайың болмағанда біз сендерді таппайтын едік..

Аян болған жағдайларды есіне түсіргісі келді. Бірақ атасының мына әңгімесінен кейін ол не болғанын Бақыттан сұрады.

- Бақыт, бізге не болды, есіңде ме?

- Иа. Біз құмға бардық, қатты шөлдедік, адастық. Қатты құм борады, біз сол құмның астында қалдық...

- Бақыт, сиқырлы әлем басқа мекенге көшіп үлгерді ме? Құм адамдары...

Бақыт досына таңырқай қарады да рахаттана күлді.

- Сиқырлы әлем? Қайдағы құм адамдары, мүмкін ұшқыш кілем де болған шығар...

- Бақыт, расымен сенің есіңде жоқпа? Сиқырлы әлемге қалай кіргеніміз, ұшқыш кілеммен қалай ұшқанымыз, Бимырзадан қыран болып құмды қорғағанымыз?

Бақыт басын шайқады.

- Досым, расымен саған қатты күн тиген сияқты. Ондай ештеңе болған жоқ..

Мүмкін емес, мұның барлығы түс немесе қиял болғаныма? Неліктен Бақыттың есінде қалмаған. Дұрысы атамнан сұрайын деп шешті.

- Ата, сіз маған аққұмдағы сиқырлы әлем туралы айтқан едіңіз ғой, есіңізде ме? Біз сізге құмнан тапқан тарақты бердік.

Атасы Аянға ұзақ қарады. Маңдайына қолын қойып ыстығын тексергендей болды.

- Құлыншағым, сен құмда екі күн бойы жатып қалдың. Өң менен түсіңді ажырата алмай қалдың. Сиқырлы әлем сенің бала күнгі қиялың болатын. Есіңдеме, екеуміз үнемі құмда құм адамдары бар деп ойнайтынбыз. сен маған ешқандай да тарақ көрсетпедің.. Қазір жатып демала қой, ертең барлығы орнына келеді.

Бақыт пен Аян өз-өздеріне келіп, күш жинап, ештеңе болмағандай ауылдарына келді. Сабақ та өз ағымымен жүріп жатты. Бірақ Аян бұрынғы Аян болып қалмады. Бастан өткен оқиғалардан соң, күнде оның түсіне құм адамдары, сиқырлы әлем кіретін болды. Досы Бақытпен де бұрынғыдай сырласа алмады. Кім есінен айрылды? Барлығын ұмытқан Бақытпа, жоқ әлде қиялын шындыққа ұластырған Аянба? Бимырза ағай да бұрынғыша сабағын берді. Ол да балалармен ештеңе болмағандай, қалыпты күйде сөйлесе берді. Біршама уақыт өтті. Болған оқиға артта қалып, Бақыт пен Аян бұрынғыша дос болып, қызығушылықтарын бірге жоспарлайтын. Бірақ бұл жолы олар тылсым туралы ешқандай әңгіме қозғамады. Аққұмнан келген соң Бақыт сурет салуға құмар бола бастады. Бұрын соңды досынан мұндай қасиет байқамаған Аян, бұл қызығушылығына таңырқай әрі қуана қарады. Ал өзі аққұмнан келген соң, “Аққұм хикаясы” атты әңгіме жазуға кірісті. Ол есінде қалған барлық болған жағдайларды, атасының әңгімесін, тіптен табылған тараққа дейін дәптер бетіне түсірді. Оның ендігі сырласы осы дәптер болды. Ол бұл оқиғаның расымен болғанын немесе болмағанын біле алмады. Атасына кезінде Ахметтің айтқаны есіне түсті. “Бұл жерден шығатын болсаң жаның осында қалады. Ал тәнің жүре береді.” Сол кезде ол нені меңзеді? Расымен барлығы ұмытылып, санадан өшіріліп қалғаны ма? Ендеше неге мен ұмытпаймын? Аянды сан түрлі сұрақтар мазалады. Әйтсе де уақыт өте келе, ол болған оқиғаларды ұмытпаса да, жадынан өшіруге тырысты.

Әдеттегідей сабақтан соң екі дос болашаққа жоспар құрып, алдағы болатын күндерді ақылдасты. Бақыт сурет салудан аудандық сурет көрмесіне қатыспақшы.Өзінің салған суреттерін бұрын соңды досына көрсетіп, оның пікірін сұрайтын. Осы жолы да көрмеге деп дайындаған суреттерді бағалауға алдымен жетекшісіне емес, Аянға көрсетуді жөн көрді.

Ерекше стильде салынған бірнеше суретті көргенде Аянның сөнген үміт оты қайта жанғандай. Досының салған суреттеріне қарап аққұмдағы хикаялар санасында қайта жаңғырғандай болды. Себебі досының суреттерінде сол екеуі бірге көрген «Сиқырлы әлем» бейнеленген болатын. Бір суретте қанатты аттың үстіне мінген сақалы жерге дейін жетіп жатқан қара адам бейнелген. Ал тағы бір суретте ұшқыш кілемнің үстіне мінген екі дос, ал енді бір суретте өзіне қарай баурап алатын сол аққұмның суреті бейнеленген еді. Досының бұл салған суреттеріне тәнті болған Аян:

Досым, сен барлығын есіңе түсірген сияқтысың? Суреттерің керемет.. тура біз бірге көрген сиқырлы әлем.

Қандай әлем екенін білмедім, бірақ сен үнемі осы әңгімелерді айтқан соң мен көз алдыма солай елестетіп, мен оны қағаз бетіне түсіргім келді. Бар болғаны осы..,- деп Бақыт досының көңілін су сепкендей басты.

Ол соңғы кездері суретте бейнеленген жерді, кейіпкерлерін үнемі түсінде көретінін досынан жасырып қалды. Не үшін жасырғанын өзі де түсінбеді.

Бақыттың есіне қайта жаңғырғанына, болған жағдайдың барлығы бос қиял емес екендігіне Аян сене бастады. Ол өзінен-өзі қатты қуанды.

«Біз құм адамдарын ұмытқанымызбен, олар бізді ұмытпады. Бұл бір белгі болар»,- деп ойлады ішінен.

Сол оқиғадан соң Бимырза ағайына көп жақындамайтын Аян соңғы уақыттары ағайына көп сұрақтар қойып, қосымша сабақ та алып жүрген еді.

Аққұм туралы тура әңгіме қозғамаса да, құм туралы қызығушылық білдіріп ағайының  пікірінің тыңдағысы келетін. Бимырза өз тұжырымдарын айтқанымен, Аян білгісі келетіндей маңызды әңгіме қозғамайтын. 

Қосымша сабаққа уақытынан ерте келген  Аян бөлмеде ағайының сөмкесі мен қағаздары тұрғанын көрді. Өзінен басқа оқушы болмаған соң ішке кіріп, алдыңғы партаға жайғасқан еді.  Заттары тұрғанымен ағай да келе қоймады, бір өзі зеріккен Аян ағайының алдында тұрған кітапты алып тапсырманы орындай бермекші еді, кенет көзі ағайының алдында ашық тұрған блокнотқа түсті. Біреудің затын рұқсатсыз қарамау керектігін білсе де, бұл жолы оны осы қағазға үңілуге бір күш итермелегендей.  Ол өз көзіне өзі сене алмады, блокнотта тура аққұмнан тапқан тарақтың суреті, және бірнеше сызбалар бейнеленген. Аққұмнан табылған күміс тарақ. Қай дәуірден екені белгісіз, жобамен осыдан бізідің дәуірімізге дейін V ғасырға жатады... Әрмен  қарай оны оқып үлгермеді. Тұрған жерінде аяқ қолы дірілдеп қоя берді. Сонда барлығының қиял деп келгені рас болғаныма? Мен сенген сиқырлы әлемнің болғаны, біз тапқан тарақтың шынай болғаны ғой? Аянның жүрегі қатты соға берді. Өз еркінен тыс ағайының тұрған портфелін ақтара бастады. Не іздегенін өзі де түсінбеді. Қағаздардың арасынан ақ матаға оралған зат. Ол дірілдеген қолдарымен оралған матаны ашқан еді. Күміс тарақ. Ия, Бақыт екеуі сол құмнан тапқан, Бимырза ағайына көрсетеміз деп қалдырған тарақ. Ол есікке жақындаған дыбысты естіп, дереу тарақты қалтасына тықты. Тез-тез портфелін жауып, жаңа келген адамдай орнына отырды.

Бірнеше оқушы, соңынан Бимырза да кірді. Алып ұшқан жүрегі аузына тығылды. Тезірек сабақтың аяқталғанын күтті.

Үйіне келген соң тарақты асықпай бір қарады. Ол сиқырлы әлемде болған күндерді есіне түсіріп, көзін жұма рахаттанды. Көз алдына қыран боп самғағаны, ұшқыш кілемге мінгендері есіне түсті. Ол тарақты Бақытқа көрсетемін, сөзімнің растығын дәлелдеймін деп  досына қарай бет алды.

Бірге тапқан жәдігерді көрген кезде досының бойына жан біткендей Бақыт терең тыныстады.

Аян, - деді ол, даусы дірілдей. Мұның бәрі рас болғаныма? Менің түс деп жүргендерімнің барлығы менің санамда қайта жаңғырып жатқан болған оқиғаларма?

Ия достым, ия. Аққұмның сыры ашылды. Біздің көрген білгеніміздің бәрі рас...

Екі дос алақайлап бір бірін құшақтады. Біз сенген тылсым әлем бар деп қуанды.

Енді бұл тарақты не істейміз Аян? Оны Бимырза іздейді ғой..

Біз оны тапқан жерімізге қайтып апарамыз. Бұл зат бізге тиесілі емес. Дұрыс шешім осы.

Бірақ құм адамдары, сиқырлы әлем жоқ қой..

Бізге оның қажеті де жоқ досым. Сиқырлы әлем біздің жүрегімізде, одан артық не қажет..

Екі дос бірін бірі түсінгендей болды. Демалысты күтпестен екеуі сол аққұм орналасқан Алтай батыр ауылына аттанды.  Олар енді құмға жалғыз емес, атасымен баруды жөн көрді. Немерелерін көріп үлкен кісі қатты қуанды. Аян атасына болған жағдайды баяндап, тарақты көрсетті.

Ата, сіз неліктен менен шындықты жасырдыңыз? – деді Аян атасына еркелей.

Қария терең күрсінді.

Әр нәрсе өз орнымен, өз уақытымен балам. Кейде шындықты мүлдем білмеген дұрыс..

Мен сізді түсіндім ата, - деді немересі күлімсірей.

 Аққұмға аттанған үшеуі құмға алдымен дұға етті. Неткен ғажап табиғат.

Бұл жер сиқырсыз да керемет, - деді Бақыт айналасына қарап.

Тарақ табылған жерді екі дос адаспай тапты. Ақ матаға оралған тараққа алғысын айтып, қайтадан жерге көмді.  Сиқырлы әлемде болған ғажайып сәттер үшеуінің көз алдына қайта келді.

Құмға өз ризашылықтарын білдіріп, балалар  аулына қайтты.

Бимырза жоғалған зат туралы  сұрамады. Одан кейін балалар да ол туралы ұмытты.

Бақыт сурет көрмесінен облыстық кезеңнен өтіп, Елорда Астанаға баруға жолдама алды.

Ал Аянның болса «Аққұм хикаялары» атты жазған прозасы газет бетіне жарияланып, Елордаға теледидарға сұхбат беруге шақырту алды. Осылайша екі достың Елордамыз Астананы көру арманы бірдей орындалды.  Ал сиқырлы әлемді Аянның жазуларынан, Бақыттың суреттерінен тамашалауға болады.

                                                Соңы