Жылдың үздік прозасы
42

Кредиттің азабы

(Өмірде болған оқиға)

Наурыз айының аяғы. Адамзатты əбден əбігерге салып, төзімін сынаған қыстың қақаған ызғары қайтып күн жылына бастаған уақыт. Қызылорда қаласының орталығы. Қаз-қатар тізілген жер үйлер. Осы жер үйлердің бас жағында орналасқан жасыл дарбазалы шағын үйде Гүлназ жалғыз ұлымен өмір сүреді. Ұлының аты Абылай. Бір күні Абылай жасы отыздан асып бара жатқан соң адамдарды тасымалдап, ақша жинап үйленсем деген ниетпен анасына несиеге ақша алып көлік сатып алсақ қайтеді деп ұсыныс жасады. Гүлназ ұлының бұл жоспарын бұрыннан білетін. Сондықтан кешкі астың қамын істеп жүріп: -Ұлым жарайды. Несие алсақ алайық. Мініп жүрген көлігің қайта-қайта бұзылып əбден əбігерге салды. Оның үстіне көлігіңнің жылы да ескі əр жөндеткен сайын қыруар қаражат кетіп жатыр деді.

Осылайша анасы мен ұлы таң ата бірнеше банктерге барып несиеге өтініш қалдырды.

Бірақ өкінішке орай ешқандай банк несиеге қаражат бермеген соң баласы; - Анашым күнде жарнамасын көріп жүрген олх.кз бағдарламасындағы несие алып беруге көмектесемін деген жарнамаға хабарласып көрсек қайтеді. Досым Абылхайыр мен Нұрхан да осы жарнамаға хабарласып несие алған болатын деді баласы.

Анасы жалғыз ұлының жанарындағы мұң мен күдіктің ұшқынын байқап көңілін қалдырғысы келмей жарайды деп рұқсатын берді. - Балам бірақ абай бол қазір алаяқтар көбейіп кетті деп баласын қауіптен сақтандырған болды. Баласы олх.кз қосымшасынан несие алуға көмектесеміз деген қаптаған жарнамалардың ішінен тізімде ең бірінші тұрған жарнаманың телефонын алып хабарласып көрді.Телефонды инабатты сызылған үні бір жас қыз алғандай болды.

Телефондағы қыз өзін Абылайға Мединамын деп таныстырды. Осылайша Абылай Мединамен біраз сөйлесіп нəтижесінде Мединаның бар айтқан сөзіне еш күмəнсіз сене бастады. Абылай Мединаның айтуы бойынша екі бірдей банк қосымшасына кіріп селфи арқылы бар тексеруден өтіп телефон номеріне келген смс кодты, жеке төл құжаттың фотосын Мединаның ватсап номеріне жіберді. Медина артынша бір банктен бір миллион теңгені несиеге алуға рұқсат алып 300.000 тг-сін өзіне комиссия ретінде басып қалды. 700.000 теңгесін Абылайдың банкоматына аударып жіберді. Ал екінші банктен кредитке қаражат алуға өтініш жіберіп, бар тексеруден өтіп, смс кодты Мединаға айтқанына қарамастан база істемей қалғандай болды. Абылай мəн жайды білмек болып Мединаға хабарласқан еді. Медина айдың соңы болғандықтан банктер бағдарламаларын жаңартып жатқан болар. Сондықтан банктің бағдарламасы істемей қалған ғой. Келесі айдың екі үшіне қарай несие алуға өтініш қайта беріп көрейік деді. Абылай болса еш артық сұрақ қоймастан Мединаның сөзіне сеніп осы бір банктен берген қаражатқа тəуба деп келесі айға несие алғым келмейді деп жауап берді. Осылайша Абылай мен Медина қоштасып телефонды өшірді.Ертесіне Абылай анасы екеуі банкоматқа барып банк карточкасынан бір күнде тек 300.000 теңге дейінгі қаражатты шешіп алуға болатынын көріп 700.000 теңгенібанк касирінен шешіп алуды ұйғарды. Бірақ банк жеті жүз мың теңгенің 7000 теңгесін комиссия ретінде басып қалды. Осы жайында Абылай Мединаға хабарласып айтып еді Медина неге банктің кассасынан қаражатты шешіп алдыңдар, банкоматта лимит болса үш күн неге бөліп алмадындар деп ренжіді. Абылай өзің неге өзге банктің карточкасынан маған қаражат аударғансың , онсызда 300 мың теңгені комиссия ретінде ұстап қалып отырсың ғой деп ренжіді. Бірақ Медина кешегі 60 айға рəсімделген несиеге база істемегендіктен рұқсат бермеді деп ойлап едім бүгін телефонымды ашып қарасам 979 мыңға кредит рəсімделіп кетіпті деп Абылайға айтпады.

Абылай болса көптен бері көріп жүрген көлікті сатып алып адамдарды тасымалдаумен айналысты.

Арада көзді ашып жұмғанша бір ай уақыт өтті. Адамдарды тасымалдап үйіне түскі асын ішейін деп келіп отырғаны сол еді. Кенет Абылайдың телефонына банктің менеджері хабарласып кредитіңіздің мерзімі өтіп бара жатыр екен деді. Абылай біраз түсінбей тұрды да; Сіз қателесіп отырсыз. Мен басқа банктен бір миллион теңге кредит алғанмын. Мен ол кредитті бір жыл бойы ай сайын бөліп төлеуім керек. Кеше өз қолыммен апарып алғашқы айының акшасын төлеп тастадым. Менің қолымда түбіртегім бар деп жауап берді. Банк менеджері еш саспастан бұйырған дауыспен; - Жоқ Абылай мырза мен қателесіп отырған жоқпын. Сіз біздің банктен бір миллион теңге емес 979 мың теңгені бес жылға алғансыз, бірақ несиені алғаныңызға бір ай болыпты осы айдың басында қарызыңызды төлеп бастауыңыз қажет болған сіз төлемепсіз. Ертең келіп төлеңіз деді. Абылай абыржып 979 мың теңгені бес жылға алғаны несі. Мен бір банк арқылы ғана несиеге қаражат алған едім ғой. Екінші банк кредитке қаражат бермеген еді ғой деп дереу қоңырауды өшіріп өзін Медина деп таныстырған қызға қайта-қайта қоңырау шалды. Арада шамамен біраз уақыт өткен соң Медина басқа телефон номермен Абылайға хабарласты. Медина болса Абылай сен бəрі-бір менің кінəмді дəлелдей алмайсың. Мен сені танымаймын деп телефонды өшіріп тастады. Абылай ашуға булығып тез үйден шығып екі банкке кезек-кезек барып кредит жайлы сұраған еді. Абылайдың екі бірдей банктен алған кредиті бар болып шықты. Осыдан кейін Абылайдың есіне бір ай бұрын Мединаның база істемей қалғандықтан банк кредитке қаражат алуға руксат бермеді деп айтқаны есіне түсті. Сол екінші банкке кредит алуға тастаған өтінішіме рұқсат бермегені өтірік болды ғой деп ішінен ойлап менеджерге; Кредитке қандай зат алғанын, қай жерден алғанын білсем бола ма деді. Менеджер біраз компютеріне үңіліп отырып сіздің кредитіңіз Алматы қаласындағы сауда орталықтарының бірінде алынған. Сіз несиеге қымбат телефон алып кеткенсіз деп жауап берді менеджер.

Абылай бұл жаңалықты естіп; - Мен Қызылорда қаласында тұрамын. Алматы қаласына барған емеспін. Сауда орталығының адамдары неге бөтен адамға маған тиесілі телефонды беріп жібереді деп ренжіді.Менеджер барлығын басынан айтып беріңізші деп Абылайға қолқа салды. Абылай еш мүдірместен сөзін былайша бастады; - Негізі барлығы былай басталған болатын. Мен олх.кз қосымшасындағы кредит алып беремін деген жарнамаға хабарласқанмын. Жарнаманың иесі өзін Мединамын деп таныстырды. Келісе келе ол қыз заттың орнына өз комиссиясын басып қалып маған қалған қаражатты беремін деген. Бірақ Медина бір банктен кредит алып беріп, екінші банктің базасы істемей қалды келесі айдың басына несиеге қаражат алуға қайта өтініш тастайық деп айтты. Мен келесі айда кредиттің қажеті жоқ осы бірінші банктен алып берген қаражатыңа тəуба деп телефонды өшірген болатынмын деп банктің арықша жүзді, орта бойлы менеджеріне айтты Осылайша Абылай банктен ренжіп шығып қалалық полиция басқармасына барып өтініш жазды. Қолындағы барлық құжаттарды тергеушіге беріп күн сайын істің қалай жүріп жатқанын қадағалап жүрді. Арадада алты ай өткенде тергеуші өзін Мединамын деп таныстырған қызды ұстап əкелді. Тергеу барысында ол қыздың шын есімі Медина емес Елзира екені анықталды. 1997жылы туылған екен. 4 жылдан бері осы жұмыспен айналысып жүріпті. Отбасын құрған. Төрт бірдей перзенті бар, пəтер жалдап тұрады екен.

Осыдан бір жыл бұрын ең кенже қызына аяғы ауыр кезінде дəл осындай алаяқтық жасап іс сотқа жете бергенде Елзира алған ақшасын жəбірленушілерге түгел қайтарып, жəбірленушілер кешірім беріп жазадан босатылған екен. Арада тағы бір жыл өтпей жатып сол қылмысын Елзира қайталап отыр. Осылайша бар шындықты Елзираның өз аузынан естіген Абылай тергеушінің кабинетіне көз тастап үндемей отырды. Бөлме іші кіп-кішкентай, тар екен. Есікке қарама-қарсы ұзын үстел мен екі орындық қойыпты.

Бөлменің төрінде орналасқан орындықта тергеуші отыр. Екінші орындықта қарама-қарсы Елзира он айлық қызын құшақтап отыр. Бөлме ішінде есіктің сол қапталында үлкен терезе орналасқан. Сол тереженің жанына сұр түсті тысы бар диван үстінде Абылай анасымен бірге отыр.

Тергеуші Елзирадан болған оқиғаны басынан аяғына дейін сұрады. Елзира төрт жылдан бері бір кісінің жеке кəсіпкерлерге арналған шотын жалға алып арнайы бағдарламамен кредит аламын деген адамдардың сеніміне ие болып банк базасынан кредитке өтініш тастатып, банктің тексеруінен өткізіп, паспорттың копиясын алып, смс кодты жіберуін сұрап қаражатты өзі жалдап алған жеке кəсіпкерлерге арналған шотқа аудартып жүріпті.

Ал несие зат сатып алуға берілсе, несиеге алынған затты сауда орталығынан өзі барып алып жеке адамдарға сатып жіберіп отырған екен.

Елзира төрт баласының бар екенін, балаларына одан басқа ешкімнің қамкор бола алмайтынын айтып жылдың соңына дейін бар алған қаражатын қайтарамын деп уəде берді. Абылай пен анасы Елзираның төрт бірдей баласы жетім болмасын деп банктің 60 айға берген несиесінің алғашқы айын төлеуге екі күн, барлық алған қаражатын қайтаруға үш ай уақыт берді. Бірақ Елзира əр түрлі сылтау айтып қаражатты қайтармаған соң тергеуші істі сотқа жіберді. Сот Елзираны төрт бірдей кішкене баласы болған соң екі жылғашартты жаза тағайындады. Осылайша жеті айға созылған іске нүкте қойылды.