Жылдың үздік прозасы
33

Ана жайының кегі

Бағлан екеуміз бала күннен бірге өстік. Ол отбасында бес ұлдың үлкені, мен екі ұл бір қыздың кенжесімін. Екеуміз бір жоғарғы оқу орнына оқуға түсіп, ол құқық қорғау мамандығы бойынша білім алып, мен дəрігер кардиолог мамандығы бойынша өз оқуымды тəмандадым. Екеуміз де отбасын құрып, бала-шағалы болып, жұмыстан қолымыз мүлде босамай жүрсе де айына бір мəрте балық аулауға баратын əдетіміз бар еді. Бірақ менің осыдан бір ай бұрын ауруханада жағдайы ауыр науқасқа шұғыл күрделі ота жасауым қажет болып досым екеуміз жоспарлаған балық аулауға Сырдария өзеніне бара алмаған едік. Ал досым Бағлан сол жолы Сырдария өзеніне барып 20-30 килограмдық жайынның баласын жалғыз өзі аулап үлкен олжалы болып қайтқанды. Кешкісін досым үйіне шақырып балықтан сан түрлі астар жасап сыйлы қонақ етті. Сол отырыста досыма келесі жолы сенімен міндетті түрде балық аулауға барамын деп уəде берген болатынмын. Арада бір ай уақыт өтіп досым екеуміз Сырдария өзеніне келіп көлігімізді тіркегішімен жағада қалдырып Бағланның маторлы су жаңа қайығымен балық аулауға кірістік. Екеуміз қайықтың үстінде қызу əңгіме дүкен құрып өткен-кеткенді еске алдық. Арасында Бағлан өзінің алдыңғы жолы ұстаған жайынның баласы жайында егжей-тегжейлі əңгімелеп берді.

Осы жолы жайынның анасын аулау үшін қолынан келгенінің бəрін жасайтынын айтып жатыр. Мен болсам буйырса аулаймыз деп досымды қоштап қоямын. Бағлан одан сайын шабыттанып алдыңғы жолы жайынның баласын қай жерден, қалай аулап алғанын айтып беріп жатыр. Арасында өзімізбен бірге əкелген термос шəйнектен шəй ішіп, аздаған тамақтарымызды жеп тойып алдық. Қазан айының соңы болғандықтан таң атқаннан тұп-тұнық, жып-жылы болып тұрған ауа райы түс ауа кілт бұзылып, аспанды қара бұлт торлап, дауылды суық жел соға бастады. Бағлан екеуміз ауа райының суып бара жатқанына қарамастан темір маторлы қайыққа мініп біресе қамыс қалың өскен жағаға жақын жерге қармақ салып, біресе өзеннің тереңдеу жерін таңдап алып ауланған əр балығымызға мəз болып кештің қалай батып қалғанын да байқамай қалыптық. Кенет Бағлан: - Абылай қарашы, қарашы. Айттым ғой саған. Өткен жолы өзім аулап алған жайынның анасын көрдім деп. Міне мына жайын дəл сол жайын. Ана жартылай кесілген желбезегін көрдің бе, алдыңғы жолы дəл осы жайынның баласын ұстап алғанымда осы жайын қармақты үзіп баласын құтқармақ болып маған қарай ұмтылған болатын мен сасқанымнан не істерімді білмей жанымда жатқан пышақты ана жайынға қарай сермегенмін. Сол кезде пышақ абайсызда желбезегіне тиіп, желбезегінің жартысын кесіп кеткенді. Досым кел көмектесші. Мына жарықты қармаққа қарай түсіріп отыршы. Осы жолы осы ана жайынды міндетті түрде аулап үйге апарайық. Алдыңғы жолғыдай жеңгең жақсылап қуырып өзіңді қонақ етеді деді Бағлан.

Мен болсам бала күннен атамнан ана жайынның баласы үшін кек алатынын, мүмкіндік болса тірі жанға залалыңды тигізбеңдер деген өсиетін естіп өскендіктен тұла бойым бір нəрсені сезгендей қобалжып Бағланға:- Бағлан. Қой осы аулаған балығымызға тəуба. Түн болып кетпей үйге қайтайық. Оның үстіне жел барған сайын күшейіп, суып барады. Жақындарымыз уайымдап, күтіп отырған болар- дедім.

Бағлан болса: -Абылай досым өзің білесің ғой мен бір мақсат қойсам қандай қиындық болса да жетпей қоймаймын. Мен сол жайынды аулаймын дедім ба, аулаймын. Сол үшін бір аптаны əрең өткізіп, күн санап, қанша күн ұйықтамай əбден дайындалып келгенімде бұл сөзіңе жол болсын-деп Бағлан сөзіме дес бермей балық аулаудың қызығына əбден түсі.

Ауа-райы барған сайын суытып, аздап жауын жауа бастады. Кенет маторлы қайықтың астынан бір үлкен нəрсе бар күшімен соғып қалғандай болды. Мен қолыма фонарь ұстап отырған күйі дүрс етіп бар екпініммен қайықтың темір жақтауына маңдайым тиіп суға гүмп етіп құладым. Бағлан деп айқайласам дауысым шықпай, жүзейін десем қолдарым өзіме бағынбай судың терең түбіне бірақ құладым. Есімде қалғаны тек қайықтың сол соққыдан аударылып, Бағлан су астына құлап бара жатқанда əлгі ана жайынның Бағланның аяғынан тістеген күйі жүзіп, көзімнен ғайып болғаны ғана. Ішімнен Бағлан екеуміздің біткен жеріміз осы екен ғой. Балық аулаймыз деп қайдан ғана келдік?

Жақындарымыз бізсіз қалай өмір сүреді? Ата-ана, бауырларымызбен қоштаса да алмадық.

Екеуміздің де бала-шағамыз əлі кішкентай. Бастауыш мектепке жаңа барған. Əкелерінсіз қалай өмір сүреді екен. Олардың өсіп, азамат болғанын көре алмайтын болдық қой.

Жарларымыз ше? Отағаларынсыз баларды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай адам қатарына қосу нəзік иықтарына ауыр болатын болды ғой деген күйі есімнен таңып қалыппын. Арада қанша уақыт өткені белгісіз. Күзімді ашсам Сырдария өзенінің жағасында жатырмын. Бұл жерге қалай келдім? Су астына батып кеткен мені бұл жағаға кім əкелді? Өзіміз балық аулаған жерден бірнеше километр қалай алыстап кеткенмін. Біз балық аулаған Сырдарияның бөлігі қалың қамысты болатын. Бұл жерде қамыстың жұрнағы да көрінбейді. Өзен тұп-тұнық. Кешегі ашуы əбден басылған. Күннің көзі болса дəл төбемнен шуағын шашып тұр. Мен болсам кешегі соғып алған басымның қанталап, гүп боп ісіп ауырғанына қарамастан орнымнан атып тұрып жалаң-аяқ сұп-суық өзен жағалауын аралап Бағланды іздеуге кірістім. Үстім бірде су, сыртқы қалың күртешем мен аяқ киімімнің қайда қалғаны белгісіз. Аяғымнан суық өн бойымды қалшылдатып жауратып бара жатса да Бағланды бар даусыммен айқайлап іздеп жүрмін. Ішімнен аман табылса екен деп Құдайға сиынып келемін. Көзімнен аққан қимастықтың жып-жылы жасы жаурап қалған бетіме төгіліп ер азамат болсам да ішімнен өкіріп жылап келемін. Көз алдыма бала күннен бір нанды бөліп жеп, бірге алғаш мектепке барғанымыз, жоғарғы оқу орнына бірге түсіп бір жатақханада тұрғанымыз. Студенттік шақтың аштығы мен тоқтығына бірге шыдап бір киімді кезек-кезек кигеніміз есіме түсті. Екеуміздің жатақханада жатып ауылды сағынып, уақытты өткізе алмай күн санаған күндеріміз дəл кешегідей көз алдымда сайрап тұр. Одан жоғарғы оқу орнын бітірген соң ауылға келіп жұмысқа тұрдық. Бағлан бала күннен өзі жақсы көрген Айгерім деген қызбен отбасын құрды. Мен болсам өзім жұмыс жасайтын аудандық ауруханаға жүрегі ауру анасын əкеліп емдетіп жүрген Айсұлу атты қызбен танысқан болатынмын. Айсұлу жүрегі нəзік, жүзіненнұр шашып тұратын арықша жүзді, бидай өңді қыз болатын. Сызыла сыңғырлап шыққан үніне бір көргеннен ғашық болып, көп ұзамай құда түсіп үйлендім. Бағлан екі ұл мен үш қыздың əкесі болды. Менің Аллам берген екі ұл, екі қызым бар. Кенже қызым бір жарым жыл бұрын ғана туылған. Есімі Айдана. Əлі кішкене болса да қылықтары көз тартады.

Жұмыстан келгенімде əкешім деп мойныма асылып, бетімнен сүйсе бар шаршағаным қайда кеткенін білмей бір мəз болушы едім. Енді өзеннің жағасын жағалап Бағланды іздеп жанымды қоярға жер таппай келемін. Енді Бағланның ата-анасы, бала-шағасының бетіне қалай қараймын. Бала күннен бірге өскен жалғыз досыма қорған бола алмадым.

Бағланның айтқанына көнбей үйге қайтып кетуіміз керек еді. Қайдан ғана Бағланның айтқанына көндім екен. Атамның айтқаны рас болды-ау. Тірі жанға залалдарыңды тигізбеңдер, жайын-екеш жайын да баласы үшін кек алады деуші еді. Неге атамның ақылын тыңдамадым екен деген оймен аяғымнан өткен суық өн бойымды жауратып бара жатса да өзен жағасын шамамен бір-жарым екі сағаттай араладым. Бағлан деп арасында бар даусыммен айқайлап жүгіріп келемін. Бағланды өлімге қимай жан-жағыма жалтақтап қарап қоямын. Кенет көз алдымнан қойларын жайып жүрген шопанға көзім түсті. Орташа бойлы, ақ сақалды қария екен. Жанында он екі он үш жас шамасында немересі бар. Екеуі мені көріп бейне бір əзірейіл көргендей шошып кетті. Үстімдегі аппақ фудболкам, қара түсті шалбарым лай-лай. Маңдайым гүп боп ісіп кеткен. Аяғым жалаң аяқ.

Балам не болды тыныштық па? Суық күнде мына сиқың не? Жаурап қалған боларсың.

Кел. Мына атыма отыр. Ауылға апарып тамақтандырайын, жылынып кішкене өзіңе келген соң асықпай отырып барлығын айтып берерсің деп қария атының жүгенін қолыма ұстатып еді. Мен бірден жаурағаныма қарамастан: - Ақсақал мен кеше таң ертең Бағлан атты досыммен жайын аулауға келген едім. Бірақ ол жайын алдыңғы жолы Бағлан атты досымның аулаған жайынның анасы болып шығып қайығымызды аударып жіберді. Есімде қалғаны жаңағы ана жайын досымның аяғынан тістеген күйі жүзіп көзімнен ғайып болды. Есімді жисап жағада жатырмын. Су атына батып кеткен мен жағаға қалай тап болдым білмеймін. Біз балық аулаған жаға бұл жерден бірнеше километрге алыс болатын. Менің досымды іздеп келе жатқаныма екі сағатқа жуыктап қалды. Досымды əлі таба алмадым. Ақсақал көмектесіңізші деп ақсақалға жалындым. Ақсақал немересін дереу ауылға жіберіп көзді ашып-жұмғанша отыз шақты адамды ертіп келіп досымды іздеуге кірісті. Барақ өкінішке орай арада екі күн өткен соң қанша тоқтаусыз іздегенімізге қарамастан досымның мүрдесін тауып алдық. Мен осы оқиғадан соң арада бірнеше жыл өтсе де балыққа баруды мүлде қойдым. Балық аулауға

бара жатқан достарымды көрсем осы оқиғаны айтып жайындарды шамадан тыс ауламаңдар, жайындар да балалары үшін кек алады деп айтып жүремін.