84
Жалған түс...
(Мистикалық драма)
Қатысушылар:
Зәуреш – орта жастағы келіншек
Жамал – Зәурештің құрбысы
Марат – ақын, Естайдың досы
Естай—Жамалдың күйеуі
Гүлім – Жамалдың құрбысы
Қайрош – Гүлімнің күйеуі
Арман – Сатыпалдының ұлы
Еркеш – Қайроштың ұлы
І – көрініс
Қарапайым үйдің жиһазы. Үлкен терезедегі перде ашық тұр, аржағында қаланың сұлбасы көрінеді. Бер жағында терезеге қаратып қойылған қадауда әлі салынып жатқан картина, беті матамен жабылған. Диван,стол. Теріс қаратылған көп картиналар бұрышта тұр.
Авансценада дәл ортада Шашын желкесіне жеңіл түйіп алған Зәуреш ортада орындык үстінде отыр.Иығына тоқылган орамал жамылып алған қалт етер емес. Тұнған тыныщтық. Бір кезде артынан бір бір сурет рамасын ұстап алған герой мен героинялар ары бері хауас жүріс жасап өтіп атыр.
Арасында абыр сабыр ар қайсысы реплика айтып жатады.
«Ай байкұстын багы ашылмады ғой», «Сатыпалды ғой кінәлі», «Жалгыз баласын өлі туып, өзі жынданып кетті», «Жоқ енесі ғой жақтырмаған» Зәуреш басын ұстап артына жалт қараса шарт тоқтап қалады. Біраз қарап қайта бері бұрылса жаңағы құбылыс жалғасады. Тағы жалт қарайды. Тағы қалт тұрып қалады. Ол басын құшақтап ұстап басын сілкіп көрермендерге қарап тұрып алады. Осы кезде жаңағы герой мен героинялар сахнадан шығып кетеді.
Зәуреш орындығын стол қасына апарып қояды да өзі диваннан орын алады. Бір кезде есік қоңырауы шар ете қалады. Зәуреш селк ете түседі. Қолындағы сағатына қарап, әрі қарата отыра береді. Қоңырау қайта безілдеп қоя береді. Әйел есікке барып, артына шегініп Жамалмен қайта оралады
Жамал: О, ғажап сені де көретін күн бар екен-ау. Бармысың құрбым. (Жолай қол сумкасы мен қорапқа оралған шыршасын, диванның үстіне қойып, киімін шешіп диванның үстіне лақтыруда. Қолын төбесіне көтеріп, тізерлеп отыра қалып) Кешір, кешір мені.
Зәуреш: (Кейін шегіншектеп, сасып) Кешіріңіз, сіз кімсіз? Мен сізді танымаймын.
Жамал: Дұрыс, дұрыс әбден дұрыс, мендей жексұрынды танымағаның әбден дұрыс. Мені қай қылығыммен тануың керек. Жиырма жыл бұрын сенімен құрбы болдым. Осыған дейін іздесем қайда жатырмын?!
Зәуреш: Кешіріңіз менің ешкімге өкпем жоқ адаммын. Мен сізді шынымен танымаймын.
Жамал: (Таңданып, Зәурешті ары-бері айналып өтеді) Ал сен өзгермепсің. Тым жүдеп кетіпсің...Көшеде көрсем танымауым мүмкін. Бірақ сен менің Зәурешімсің. Жатақхананың бір бөлмесінде тұрып, нан, құрт бөліскен менің Зәурешімсің. Ал мен Жамалмын.
Зәуреш: (Сәл таңырқап...) А...Иә...Иә...
Жамал: (Жан-жағына қаранып) Бәз баяғы үйің. Бәз баяғы диван. Тек сыртын басқа матамен қаптатыпсың.
Зәуреш: (Қолын жайып) Бары сол.
Жамал: Құдай-ау, мінезіңнен айналайын, қойдан жуас момақан ғана құрбым-ау. (Жылап) Сенің басыңнан не өтпеді, не көрмедің сен сорлы. Мен де адам емеспін. Ауруханаға біраз барып жүрдім де, үй тірлігі, отбасы тірлігі деп сені ұмыттым. Оның үстіне сенімен жүздестірмеді...
Содан -- басқа орта, басқа жора-жолдас, ақырындап сенің барыңды ұмыттым. (Тез ақталуға тырысып) Бірақ сенің ата-анаңды жерлеуге қатыстым, сен тағы да ауруханада болдың. (Жылап) Ол кісілерді қайғы жеңді ғой қайғы, мүжіліп кетті, жалғыз қызының ... Қойшы құрысын өткенді еске алғым келмейді.
Зәуреш қаным кеуіп кетті, шәй қойшы ең ғұрмаса. Ана сөмкеде жаңа жылдық дастарханның мәзірі, ал ана қорапта шырша, қорықпай-ақ қой, жасанды шырша ойыншықтарымен бірге. Институтта жүргенде шырылдаушы едің ғой, тірі шыршаны өлтірмеңдер деп. Сол есімде әлі...
Зәуреш: (Сумканы ас үйге әкетеді. Ол жақтан екі кесе шәй мен бір тарелке печенье алып келеді.Өзі стол басына отырып, Жамалды да отырғызып үнсіз шәй ұсынады. Біраз үнсіздіктен соң)
Жамал: Мені әбден өлтірейін демесең, үн қатсаңшы. Сонымен, қалай өмір сүріп жатырсың? Күйеуге шықтың ба, господи у меня массо вопросов?!
Зәуреш: Жоқ шыққам жоқ. Үйдемін... Мүгедектік зейнетақы мен ...
Жамал: (Шашалып қала жаздайды) Мүгедектік... Сен сонда мүгедектер тобына өттің бе ?!
Зәуреш: Иә Зәуреш, себебі мен жүйке ауруының хронигымын... (картиналарды нұсқап) күн көріс үшін сурет саламын.
Жамал: (Зәурештің арқасынан келіп құшақтап) Ал институтта сені болашағынан үміт күттіретін суреткер болады деп айтушы еді...
Зәуреш: (Жамалдың сөзін бөліп) Өзіңде қандай жаңалық? Естай қалай, қанша балаң бар?
Жамал: О, Естай, Естай -- он благоухает. Как говорится серебро в висках, золото в кармане, железо в тру... ну вообщем настоящий полковник. Балаларым үшін тұрып жатырмын. (Сарказммен күліп) Ни одной юбки мимо не пропустит. Білгенім бар, білмегенім қаншама...
Зәуреш: Қызғаныш деген сезім, адамның миын жалдап алады. Қызғанышың орынсыз шығар, егер оған сене білсең, ондай қылыққа бармас па еді, кім білсін?!
Жамал: Зәуреш осы сенің тазалығың-ай. Өмірден сонша зәбір көріп, кешірімді болу тіпті қиын шығар?! Қалай ғана сені жүйкесі ауру деп жылдап, жындыханада (аузын басып) кешір ауруханада ұстады екен. Сенің қасыңда мына мен он есе аурумын...
Зәуреш: (Жамалдың сөзін бөліп) Кім білсін ауру болсам ауру шығармын. Бұл жалғанда шалықтамайтын адам кемде –кем шығар. Негізінде шығармашылықпен айналысатын адамдардың көбісі шизофрениямен ауырады екен. Егер олар қарапайым тірліктен шыға алмаса, шалық баспаса гениальный дүниелерді өмірге келтіре алмас еді ғой...
Жамал: Зәуреш мына мен бар ғой нағыз оңбаған адаммын. Неге сен есіме түстің білесің бе?! Потому что мне плохо, ой как плохо. Ал сенің қаншама рет қазіргі мына мен құсап, өмірден түңілген кездерің болған шығар?! Сонда мен неге сенің қасыңнан табылмадым?! Неге іздемедім?! Себебі менің бақыттан басым айналып, сені ұмытып кеттім...
Ал қазір менің барар жер, басар тауым болмаған соң саған келдім. Біле білсең менің қазіргі ортам -- болып, толып отырған ханымдар мен мырзалар. Оларға мұңымды шаға алмаймын. Ар намысым да жібермейді. «Бедная, какая несчастная» деген мысқыл өсекке қалғым келмейді. Оно мне надо?! Міне қиналған кезде сені тауып алдым ғой. Мен нағыз арам адаммын... Мен... мен...
Зәуреш: (Жамалдың тағы да сөзін бөліп) Қойшы өзіңді қажай бермей. Ағыңнан жарылғаның сенің адалдығың болар. (Жамалдың түр түсіне бажайлап қарап, құрбысының көңілін көтерейін деп) Өте әдемі келіншек болыпсың, қырықтан ассаң да әжім де түспепті.
Жамал: ( Көзінің жасын екі алақанымен сүртіп тастап, орнынан атып тұрып) Я женщина хоть куда. Құдайға шүкір төс те бар, а задница то какая?! Әй осы сенің үйіңде цивилизацияның ізі бар ма жоқ па? Музыка, телевизор деген ...
Зәуреш: Ондай дүниені ұстамаймын. Сырттағы өмірден қол үзген адаммын.
Жамал: (Соткасындағы музыканы қосып әбден билейді) Бір әнші бар ғой өзінің осы жерін, то есть извини за выражение, задницасын сақтандырыпты бәлен миллион долларға. Между прочим, маған да қарайтын жігіттер баршылық. Бірақ қазақи әдептілік, сонау жүректе жатқан жоқ па. Ар, ұят жібермейді. Сыртта былғанып алып, қалай ғана үйдегі үш ұлыма ораламын. Болашақ келін тәрбиелейтін ене емеспін бе?! Жібермейді ғой жібермесім. (Шаршап қайта орындыққа отырады)
Зәуреш: Міне енді жөнге келдің. Біздің тәрбие бөлек қой.
Жамал: (Есіне түскендей Зәурештің түріне қарап, шашын сипап көріп) Ой какая женщина. Фигураң қандай бір арам етің жоқ.
Зәуреш: Менің табысыммен арам ет жинау қиындау...
Жамал: (Екеуі күледі. Жамал терезеге барып, теріс қарап тұрған картиналарды көре бастайды) Тамаша пейзаждар. Мынаның бірнешеуін Естайдың оффисына алдыртайын. Бағасын жақсылап беремін. Ал мына портрет кімнің портреті? Сен портретчик емес едің ғой...
Зәуреш: (Күрсініп) Ол менің ұлымның прортреті.
Жамал: Не? Қайдағы ұлыңның, сенің ұлың бар ма?
Зәуреш: Жамал қорықпай-ақ қой есім дұрыс. Ол менің қайтыс болған нәрестемнің болашақтағы келбеті. Сатыпалды екеуміздің антропологиямыздан осындай бала дүниеге келуге тиіс еді, егер тірі болғанда...
Жамал. Бәсе сөйдемейсің бе?!Егер тірі жүрсе қатқан жігіт болғандай екен. Мына шеберлікпен портрет те салуыңа болады екен ғой.
Зәуреш: Жоқ бұл менің алғашқы және соңғы салған портретім болмақ. Өте ұзақ салынды, дегенмен көңілімнен шыққандай.
Жамал. Тура тірі сияқты. Қандай тамаша портрет...(Артына қайта бұрылып) Шашың қандай әдемі, бұл шашқа не істесең де жарасады. Жақсы макияж. Содан кейін сені күйеуге беруге болады. Айтпақшы біздің бір досымыздың он жыл бұрын әйелі авариядан қайтыс болған. Ақын. Тағдыры саған ұқсайды. Он жетіге келген қызы бар. Сендер жарасып кетер едіңдер. Ол да однолюб. Мен сен туралы айтқан едім, «мен сияқты қияли болса таныстыршы» деп өтініш білдірген. Ал менің қолым тимей кетті. Ол да қылқылдай беруге ұялған шығар. Соның бүгін сәті түсіп тұрған сияқты... Давай сені таныстырайын, ә?
Зәуреш: Қоя қой, атама. Менің өмірім осы бөлме мен мына терезе, және ана тұрған сурет салатын тақтамен ғана шектелген. Ал сен мені неге іздедің? Ертең жаңа жыл, жүрісің мынау...
Жамал: Балалар шет елде. Ал мен бүгін Естайдың костюмін тазалайын деп қалтасынан чек тауып алдым. Көлік сатып алыпты. Оның көлігі бар, балалардың да көліктері бар. Сонда кімге алды?! Әрине нақсүйеріне. Бүкіл жаңа жылдық дайындықты доғардым да осылай қарай тарттым емес пе. Ол жұмыстан кештетіп жетеді. Жігіттермен жаңа жылдың алдында міндетті түрде мейрамханаға баратын әдеттері бар. Үйге түнгі он бірде жетеді ғой әйтеуір, жылдағы дәстүріміз бойынша... Енді менің орнымды сипап қалсын. (Жылап алады)
Зәуреш: (Құрбысын құшақтап) Неге міндетті түрде қыз келіншекке. Ол мүмкін саған алған шығар?!
Жамал: (Басын шайқап) Маған болса алдын ала айтар еді, көлікті бірге таңдайтын едік қой. Айтпақшы сен жаңа жылға шырша да алмағансың ба, менің алып келгенім қандай тамаша болған.
Зәуреш: Жоқ мен шыршасыз өткіземін. (Терезеге барып) Ана ауладағы әдемі шыршаны көрдің бе? Елдің тойлауы тоқтаған соң, сол шыршаның қасында мен болам. Онымен тілдесемін. Оның қысқа ғұмыры үшін одан кешірім сұраймын. Сенің өміріңді қыршындай қиған мына жұртыңды кешір деймін. Сенің әдемілігіңмен барша жұртқа бақыт әкелесің. Бұл дүниеде басқаның бақыты үшін талай құрбандықтар бар ғой, соның бірі шырша -- сенсің деймін...
Жамал: (Сөзін бөліп) Сол байқұс шырша сияқты сен де құрбандықтың бірісің. Сатыпалдыны қалай кешірдің ?! Ол шалқып, бақытты өмір сүріп жатыр Астанада. Сені жақтырмаған ата-аналары әлдеқашан о дүниелік болған. Ол ата-анасынан аттап шыға алмай сені құрбандыққа шалды ғой.
Зәуреш: Мүмкін оның зиялылығы болар. Өзін дүниеге келтірген, түн ұйқысын төрт бөлген анасына қалай ғана қарсы шықпақ?! Оның ата-анасының айтуы бойынша мен оның теңі емес екенмін. Солай-ақ болсын. Тағдыр шығар... Анасына да өкпем жоқ. Тек мені жындыханаға тоғытқандары қиынға түсті. Жындыханада сау адам өзінің жынды емес екенін дәлелдеу өте қиын екен. Бірақ мен бәрін де әлдеқашан кешкен адаммын.
Жамал: Өлі туған ұлдан соң, өзіңе келе алмай қойдың ғой. Сонша нәзік болар ма едің. Ауылдағы ата-анаң да шаршап кетті. Тіпті мына пәтерге сен үшін көшіп келіп еді, қалаға кірігіп кете алмады. Қашан келсем де әкең терезеге қарап, сені күтумен болды. Ол кісі кеткен соң мамаң да ұзаққа бармады.
Зәуреш: Ең қиыны да, өкініштісі де сол -- ата-анама қызық силай алмадым. Ұлымның да жарық дүниені көрмей кеткені жаныма батады. Ал Сатыпалдыны әлдеқашан кешіргенмін.
Жамал: Зәуреш барғой өткенді еске түсіремін деп шаршап қалдым. Шықпай жүрген сенің жаныңды-ай. Өмірге ең ызалы адам сен болуың керек еді. Бірақ бәрін кештім деп отырсың. Сенің көрген құқайыңның қасында менің қайғым еріккенің ісі ме дерсің. Бірақ өкпем қара қазандай, оны кешіруім қиын... Қазір мен Маратжанды шақыртайын ана елканы безендіруге көмектессін, оның үстіне шамдарын да іске қоссын. Сонымен сенің үйіңде жаңа жылды менімен бірге жаңаша өткізейікші. Мен үшін Зәурештай, мен үшін. (Зәурешті айналдырып құшақтап, сүйе бастайды)
Зәуреш: Жарайды, жарайды, еркің білсін. Соншама жылдан кейін үйіме қонақ боп келіп отырған сенің қолыңды қақпайын.
Жамал. (Күліп) Қазакем үйге кірген жыланның да басына ақ құйып жібіреді емес пе. Оның қасында оңбаған болсам да сенің құрбыңмын ғой...
(Телефонын теріп) Ало Маратжан сен мына адреске гүліңмен тез жет. Менің құрбым Зәурешке шырша қойып бер. Ақсай шағын ауданы 39 үй 40 пәтер... Айтпақшы музыкалық орталықты да ала кел. Ұмытпа...
2- көрініс.
(Сол үй. Еденге шырша қойып Марат жүр. Стол үстінде қарапайым вазада розадан тамаша букет тұр.Мараттың ақынға тән, пафосты мінезі мен, сәл жұтып алғаны білінеді )
Марат: Кеше ғана қызыма осындай шырша қойып бердім. Анам екеуі дән риза.
Жамал: Мараттың қордың қызындай Қорлан деген қызы бар. Он жетіге келіп, Толған айдай толысып тұр. Бұйыртса биыл мектеп бітіріп, институтқа түспекші. Оған менің ең кішкантай Еділім ғашық. Каникулға келгенде екеуі біраз қыдырады. Сыр тартсам Еділжан ат тонын ала қашады «Ол менің туған қарындасымдай» деп... Бала ғой сол қарындас өспей ме көкіректі теспей ме иә Маратжан...
Марат: Сендердей құдам болса мен де қуаныштымын ғой. Бірақ олар әлі бала емес пе ?
Жамал: Қарашы қызын қызғануын. Айтпақшы Марат бунтарь ақын. Бұнымен жұрт араласуға да қорқады, зияны тиіп кете ме деп...
Марат: Менен жерімей жүрген Естай екеуі ғана. Отырыста ылғи бүлдіріп аламын... Содан мені жұрт тойға да аса көп шақыруға құлықты емес...
Жамал: Маратты біз жақсы көреміз. Аңқылдақ арамдығы жоқ ақын ғой. Қулығы болса, талай кеудесін соғып жүрген ақындарды артта қалдырар еді... Ешкімнің артына да кірмейді...
Марат: Мен кіретін жердің бәрі әлдеқашан толып қалған. Енді сол құрғырға мен кірсем, кешіріңіз арты ауырады ғой деп аяймын.
Жамал: (Ішегі қатып күледі) Міне көрдің бе қырсық. Бұдан кейін оған мүшәйрадан кім орын береді... Сөйтіп карьера да жасай алмады. Әй Маратжан-ай...Жарайды сол шумақтарыңнан бір екеуін оқып берші...
Марат: Қоймадың ғой... (Елканы сан түсті жарыққа қосып) Міне шырша да дайын. Осының фонында «Баршылық ай баршылық..» деген өлеңімді оқып көрейін...
Ертегіге бергісіз еліміз бар,
Ертегі айтып беретін еріміз бар.
Төркініне келгендей тайраңдайтын
Талайларға ұсынар төріміз бар....
Әй баршылық-ай , баршылық....
Қайда құям демеңіз мұнай да бар,
Қайта туам десеңіз құдай да бар.
Таңға шыдас берсеңіз ару да бар,
Аңға шығам десеңіз құмай да бар...
Әй баршылық-ай баршылық
Ас қыламын десеңіз дәніміз бар,
Мас боламын десеңіз әніміз бар.
Құдайыңнан басқаны менсінбейтін
Құмырсқаға бергісіз әліміз бар...
Жамал: Ішегі қатып күліп қосылып, Әй баршылық-ай баршылық, Зәуреш ары қарата тыңда
Марат: Сатып алам десеңіз баламыз бар,
Жатып алам десеңіз даламыз бар.
Алматыдай шаһарды сатып кетіп,
Ұшақпен шет ел асқан данамыз бар
Әй баршылық-ай баршылық
Жөн сілтеуді білмейтін биіміз бар,
Жөргекпұлға қараған күйіміз бар.
Баспанаға жарытпаған Отанымнан,
Жалдап алған жадағай үйіміз бар...
Жамал (Қол шапалақтап, жарысып)
Әй баршылық-ай баршылық...
Марат: Кесек кесек асатын етіміз бар,
Кессең де қан шықпайтын бетіміз бар.
Кеуде соғар мақтаншақ горилладай,
Шелектей боп кететін көтіміз бар...
Жамал: (Ішегі қатып күліп ) Осыдан кейін қайдағы карьера, қайдағы жүлделі орын мүшәйрадан!
Зәуреш: Тым қатты айтады екенсіз.
Марат: (Ұйып тыңдап отырған екі қызға) Қандай әдемі жарасып отырсыңдар. Суықтан тонған торғай сияқтысыңдар. Әй қыздар-ай сендердің құбылған мінездеріңе жігіттер ілесе алмай әлек қой. Тоқташы соткама түсіріп алайын сендерді. (Тұрып соткасына түсіріп алады.)
Жамал: Зәуреш есіңде ме Сатыпалды екеуіңнің шашпауыңды көтеріп арттарыңнан қалмаушы едік. Қандай сұлу жұп едіңдер... Естай екеумізді табыстырған сендер емессіңдер ме?!
Марат: Құдайға шүкір жаман болған жоқсың ғой. (Зәурешке бұрылып) Зәуреш мен де сен сияқты өмірді он жыл бұрын тоқтатып қойғанмын. Тек қызым үшін ғана жүрген адаммын. Бірақ сені мен менің осы ісіміз табиғатқа қарсы емес пе екен, қалай деп ойлайсың?
Зәуреш: Марат менің әлеміме кіруге тырыспаңызшы. Маған осы үнсіздік пен жалғыздық әлемі ұнайды...
Марат: Сондықтан ол әлемнен маған орын жоқ демексіз ғой. Ал сіз маған қатты ұнадыңыз. Он жыл болды бұл сөзді ешкімге айтқан емеспін. Бір біріміздің өмірімізге дәнекер болсақ қайтеді. Анда-санда болса да мына шығармашылық бөлмеңізге мені де қатыстырып тұрсаңыз. Ақын мен суретшіден жақсы ой туындауға тиіс емес пе?!
Зәуреш: Бүгінгі қызметіңізге рахмет. Дәл қазір бастырмалатпаңызшы. Мен Жамалмен жеке қалғым келеді. Сізден сұраймын, қазір қайта қойыңызшы. Кейін Жамалға айтармын пікірімді..
Марат: Жарайды, еркіңіз білсін, Осы тойғанымызбен қайтайық... Сүйкімімді кетірмей жөнімді табайын. (Тұрып киіне бастайды. Артынан Жамал еріп жүріп)
Жамал: Маратжан өкпелемеші. Зәурештің мінезі сондай. Шынымен бәленбай жыл жалғыздықтан кейін мына шуылдақ жанына жақпай жатқан болар... Оны да түсінейік...
Марат: Жақсы қыздар. Сау болыңыздар Келер жаңа жыл тек сәтті күндер силасын сіздерге!
(Марат шығып кетеді. Диванда шәліге оранып отырған Зәурештің қасынан Жамал орын алады)
Жамал: Жарайды, жігітті жақтырмасаң бір келіншекті шақырайыншы. Ол мен үшін керек. Мен бар ғой кез келген мейрамның алдында косметологқа жүгінетін әдетім бар. Сондықтан Гүлім деген құрбымды шақыртайын. Бірінші саған сонан кейін маған күтім жасасын, ә?! (Зәурештің иә дегенін күтпестен телефон тере бастайды)
Ало Гүлім сен біздің үйге емес мына адреске келші Ақсай шағын ауданы 39 үй 40- пәтер. Ал Зәуреш қазір маған косметолог келеді. Заодно саған да макияж салып, шашыңды түзейміз...
Зәуреш: (Ренжіп) Керегі жоқ маған макияждың... қайта-қайта айтқыза бермеші...
Жамал: Жарайды, ренжімеші енді, кетті ғой Маратжан. Дегенмен қандай жігіт десеңші. Әйелі қайтыс болғаннан кейін төрт бес жыл ішімдікке салынып кетті. Өзің білесің жігіттер қайғыға төтеп бере алмай, өшін арақтан алатын әдеті емес пе. Қызы үшін әрең беті бері бұрылды. Балалар журналында редактордың орынбасары.
Зәуреш: Мен Мараттың жақсы жігіт екеніне шәк келтірмеймін. Маған оны түсіндіріп әуре болмашы. Менің жан дүнием кейінгі кездері неге екенін білмеймін ала бұртып жүр. Әлде ауырайын деп тұрмын ба түсінбеймін...
(Осы кезде есік қоңырауы беріледі) Айтып ауыз жаппай дегендей... (Гүліммен оралған Жамал)
Гүлім: Қызық болғанда осы шағын ауданда жүр едім. Енді кетейін деп жатқан жерімнен ұстадың...
Жамал: Гүлім сен бүгін маған емес Зәурешке қызмет етші. Бұл менің құрбым Зәуреш, институтта бірге оқып, бір жатақхананың бөлмесінде төрт жарым жыл бойы бірге тұрған, құрт пен нанды бөлісіп жеген жан досым.
Гүлім: Танысқаныма өте қуаныштымын. (Зәурешті қой дегеніне қарамай ортадағы орындыққа отырғызып, шашын жөндеп өз ісіне кірісе береді) Зәурештің шашы сондай әдемі екен. Қалай қолдансаң да рахат. Бет енді әрине кремге шөлдеп қалыпты. Дегенмен косметолог үшін тамаша объект.
Жамал: Гүлім саған ескі жыл мен жаңа жылдың ортасында сырымды айтқым келіп тұрғаны...Мен Естаймен ажырасамын. Бүгін бірінші бойдақ күнім. Сондықтан девичник ұйымдастырып отырмын.
Гүлім: (Қатты таңданып) Сіздер өте бақытты жандардың бірі едіңіз, не болды бір күнде?
Жамал: Сен сұрама мен айтпайын. Не хочу омрачать такой день. Ажырасам десең себеп көп қой біз сорлыға. Әйел деген жұртпыз ғой. Бәрі отбасы үшін деп кешіріммен жүре бересің... жүре бересің... бір күні терпенье лопается и все тут.
Гүлім. (Жұмысын тоқтатып диванның бір шетіне отыра қалып жылайды) Менің де жетісіп тұрғаным шамалы. Кейінгі кездері Қайроштан көрген қорлығым шаш етектен. Бірақ ажырасуға дәтім жетпейді.
Жамал: Ой алла-ай сенің Қайрошың қойдан жуас жігіт емес пе?
Гүлім: Көрер көзге солай шығар. Осы қалаға келгенде екеуміздің дымымыз жоқ еді. Пәтерден пәтерге көшіп кезбелеп жүретінбіз. Ол болса инженер, оның мамандығы бойынша жұмысқа тұру өте қиын. Астымыздағы машинамен таксист болып жалданып күнімізді көрдік.
Мен косметологты оқып алып, бірінші өзім жалданып, аздап қауқарланып алған соң жеке кабинетімді ашып, пәтер алдық. Күн көрісіміз жақсарды. Енді оның туысқандары маза бермейді. Өзіміз жаңадан етек жеңімізді жиғанымызда, қылқылдап келіп алып қарыз сұраудан тынбайды. Қарызымызды өтемек тұрық, өзімізге өкпесін айтып, Қайрош екеумізді жанжалдастырып кететіндерін қайтерсің... Әбден шаршадым.
Жамал. Қайрошқа айтпайсың ба доғар деп. Келсе жайымен келсін, әйтпесе тайсын демейсің бе?!
Гүлім. Сөйтіп айтамын деп шапалақ та жедім. Күннен күнге бетіміз ашылып, арамыз суып барады.
Жамал. Ау Гүлім құрбым-ау, сенде проблема жоқ па десем... Ал ұлың біле ме?
Гүлім. Ол Астанада оқиды қайдан білсін. Білдіртпейміз. Қазір ол Алматыда Арман деген досымен түнгі клубта жүр. Демалып кетпекші.
Жамал. Мә мына Зәурешті қараңдар. Вот это да! Красавица. (Музыканы қойып) Қане қыздар устроим дискотеку. (Екеуі қолпаштап Зәурешті ортаға шығарып билетеді.)
Гүлім. (Шаршаған Гүлім терезенің алдындағы теріс қарап тұрған картиналарды көре бастайды) Қандай тамаша пейзаждар. Ал мына портреттегі жігітті танимын...
Жамал: Гүлім ол біздің Зәурештің ұлының портреті...
Гүлім: Онда оларды двойник деуге болғандай екен...
Жамал: Гүлім ол бала туа салысымен дүниеден өтіп кеткен. Ал Зәуреш өзінің фантазиясымен салған ұлының болашақ келбеті...
(Осы кезде есік қоңырауы шырылдайды)
Зәуреш. (Күліп) Бүгін день открытых дверей. (Зәуреш қолында гитара, шампан ұстаған Қайрошпен оралады.)
Қайрош. Сәлем қыздар, жаңа жылдарыңызбен. Мына шампанды ала келдім. Қанеки жаңа жылды бастап жіберейік.
Гүлім. (Сасып) Қайрош менің келгенім жаңа. Қыздармен жұмысымды бітірген жоқпын. Сен үйге жүре берсең қайтеді?!
Қайрош: Мен неге жүре береді екенмін. Сендермен болып, сені алып кетемін.
Жамал: Гүлім Қайрош қалса қалсын. Арамызда бір ер адамның болғаны да дұрыс шығар.
Қайрош: (Қуанып) Мінеки, Жамал да қарсы емес. Мә дастарханды жайнатып қойыпсыңдар ғой. Қане бір-екі бокал тартып жіберейік.
Гүлім. ( Жақтырмай) Сен машина жүргізбейсің бе, қайдағы шампан?!
Қайрош: Бүгін исключение. Такси шақыртамыз. Ал қазір сендерге қызмет етемін. Қыздар бір анекдот. Бір маскүнем түнделетіп үйіне оралмай ма. Өздерің білесіңдер, микрорайонда барлық үйлер бірдей. Тура өзінің үйі сияқты бір үйге келіп өз пәтерінің қоңырауын басып тұрса, аржағынан бір еркек шығып: «Сізге кім керек» депті. Бұл болса «Бұл менің пәтерім емес пе» депті Анау «Жоқ мұнда мен тұрамын» депті. Ол біраз жүріп-жүріп қайта оралып қайта қоңырау басса тағы сол еркек шығып «Сіз бұнда тұрмайсыз» депті. Сонда мас жігіт, «сонда сен барлық жерде тұрасың да, ал мен еш жерде тұрмаймын ба» деген екен. Ал қыздар келе жатқан жаңа жыл үшін алып қоялық. Қанеки, қанеки... Ал енді мен сендерге ән салып беремін гитарамен.
Гүлім. (Жымыңдап, жылып) Мен сол әндері үшін ғашық болғанмын. Әлі мені алдаумен келеді қуым. Бұл ән айтса бәрін кешіретінімді біледі.
Қайрош: Гүлімге арнаймын бұл әнімді. (Ән орындалады. Қыздар қол шапалақтап, қуанып қалады. Қалтасынан қорапқа салынған сақина шығарады.) Қыздар кешіріңіздер осындай сақинаны Гүлімнің армандап жүргенін білемін. Ақшамды жинап сені қуантайын дедім. Бриллиант бақандай үш карат во!
Гүлім. (Бас салып күйеуін құшақтайды.) Осы сақинаны ұнатып жүр едім. Әрі ақшамды да қимай...
Қайрош: Сен үшін жан пида. Менің қателігім болса кешірші жаным...
Жамал: Вот настоящий джентльмен. Гүлім қандай бақыттысың!
(Осы кезде тағы есік қоңырауы шылдырайды. Зәуреш иығын қиқаң еткізіп есікке кетіп, Аяз атамен оралады)
Зәуреш: Кешіріңіз бұл үйде кішкентай бала жоқ. Біз Аяз атаға тапсырыс берген жоқпыз.
Аяз ата: Мінеки Ақсай шағын ауданы 39 үй 40 шы пәтер. Бірақ үйде екі ханым ғана бар деп еді. Сондықтан кешірім өтінемін, мен екі ханымға ғана сый-сияпат әкелдім. (Зәурешке ұмтылып) Қанеки Зәуреш ханым тақпақ оқып бересің бе, әлде би билейсің бе мына қораптағы француз әтірін оңай бере салмаймын ғой.
Зәуреш: Ән сала алмаймын, биден қалғанмын Дегенмен (Шалықтап кеткенлей өз өзімен айналып) Аппақ, аппақ жапалақтап қар жауады тынбастан,
Қалың орман қар жамылған, маужырайды түнгі аспан...Қалай еді, қызық тек бала күнімдегі осы шумақтар ғана есімде... Қалған өмір бұлыңғыр...(Өзінің дәрменсіздігіне жылап жібере жаздайды)
Аяз Ата: Жарадың, қарағым қызым. Осында тұрғандардың балалық шағын есіне түсірдің, ала ғой сыйлығыңды...Ал мына қораптағы француз атири саган!
Жамал: Есинде ме студент кезимизде француз атири тек сенде гана болатын. Оны Сатыпалды алып беріп еди ғой. Оны баріміз себетінбіз.
Зауреш: Иа Пагиж Пагиж (Эдит Пиафтын Париж ани кетеди, Зауреш ес туссиз айналып озимен ози билейди. Бари антарылып карап карады бираздан соң)ой кешіңіздер кейбір де остіп кетіп каламын. Кешіріңіздер.
Аяз Ата: Еш ерсілігі жоқ. Француз атірінің ғажайып асері болар.
Жамал. (Асығып Аяз Атаның алдына келіп) Аяз ата маған да қымбат сыйлық бар ма?! Мен билеймін. Бірақ шығыс сазына. (Бөксесін былқылдатып керемет би билеп береді. Би біткен соң Аяз Ата құйрығынан қалжыңдап, сипап жібереді) Мына сыйлық мына былқылдаған бөксеге беріледі.
Жамал: (Аяз Атаны шапалақпен тартып жібереді) Қандай тәртіпсіз Аяз Ата бұл.
Аяз Ата. Былқылдаған бөксенің сыйы да қымбат, шырағым. (Бір бума қағаз бен машина кілтін ұсынады.)
Жамал. (Бір бума қағаз бен кілтті алып жатып, Аяз Атаның сақалын жұлып алады) Бәсе дауысың ұқсап тұр.Адресті кімнен алдың?!
Естай: Кімнен болушы еді Маратжаннан алдым. Ал сенің үйден кетіп қалғаныңа жол болсын?!
Жамал: (Сасып) Мен, мен...
Зәуреш: (Құрбысын сәтсіздіктен құтқару үшін) Мен Жамалды тауып алып телефон шалдым, менің көңілімді қимай келді.
Естай: Зәуреш кешір, сені біз іздеуіміз керек еді. Бізді тапқаның қандай жақсы болған. Сені Жамал жиі еске алатын. Ал Жамалға сюрприз жасап машина сатып алып едім. Өзі қызығатын «Рено» француз машинасы.
Зәуреш: Бүгін мен үшін ең керемет жаңа жыл болды.
Жамал: Зәуреш бұл сенің ниетің, өте тамаша адамсың. Сондықтан осылай болып жатыр. Өмірде не болмайды, ә?! Естай, рахмет жаным.
Естай: Тұлпарың құтты болсын..
Қайрош: Тұлпарың құтты болсын! Бәріміз енді дұрыстап танысайық. Сіздің Жамалдың құрбысы мына Гүлімнің күйеуімін. Есімім Қайрош.
Естай: Ал мен Жамалдың жұбайымын. Есмім Естай.
Қайрош: Ал сіз Зәурешсіз. Суретшісіз. Мен де архитектурныйды бітіргенмін. Сонда тиіп қашып сурет салатынбыз. Қане көріп жіберейік, рұқсат болса.
Зәуреш: Әрине рұқсат.
Қайрош.(Суреттерді қарап болып, бір суретті залға қаратып) Пейзаждарыңыз керемет екен. Ал мына баланың портретіне кім тапсырыс берген? Бұл біздің баланың досы Арманның портреті.
Жамал: Сасып. Кешіріңіз бұл дүниеде жоқ адамның портреті.
Қайрош: Аумайтын Арман, иә Гүлім. Дегенмен ұқсастығы тоқсан тоғыз пайыз десем сенесіз бе?
Зәуреш: Ол менің қиялымнан шыққан портрет. Шынымен ешкімге қарап салған жоқпын. Просто совпадение.
Гүлім: Зәуреш сенбесең балаларды шақыртайын ба, шынымен өте ұқсас. Арман көріп таң қалсын.
Қайрош: Шынымен шақыртайық, Арман үшін де сюрприз болсын. (Ұялы телефонын теріп) Балам қайдасыңдар? Арман екеуің біргемісіңдер?! Жақсы болды. Буквально жарты сағатқа мына адреске келіп кетші. (Телефонның бетін басып) Адрес қандай?
Жамал .Ақсай шағын ауданы 39 үй, 40-пәтер. Гүлім екеуміз үшін предновогодний вечер сюрпризов болды. Екеуміздің де көңілімізден шықтыңдар, үлкен рахмет жігіттер. Ал енді тату тәтті өмір үшін алып қоялық. (Бәрі жамырасып бокалдарды сыңғырлатып шампан ішеді.)
Қайрош: Зәуреш саған көп рахмет барлығымыздың басымызды тоғыстырдың. Әттең сенің жалғыздығың қинайды бізді.
Зәуреш: Рахмет сендерге, бәленбай жыл тойланбаған жаңа жылды тойлаттыңдар. Ал жалғыздық менің серігім. Әбден үйренгенмін. Керісінше үнсіздік әлемімен әдемі гармонияға түсемін.
(Жамал жеңіл баяу музыка қойып күйеуін биге шақырады. Гүлім мен Қайрош та биге шығады. Зәуреш тоқыма шәліні жамылып диванға кеп отырады. Тағы да қоңырау. Зәуреш екі жігітпен оралады. Таң қалысында шек жоқ)
Қайрош: Ал енді сендің бе Зәуреш?! Портреттегі жігіттен айнымайды ғой Арман?
Арман: Саламатсыздар. Қайрош аға Гүлім тәте жаңа жылдарыңызбен. Сіздерді де жаңа жылдарыңызбен. Қайрош аға тез жет деген соң...
Еркеш: Мама не болып қалды?! Кештің енді қызған шағы еді, бұлай шақыратын әдеттеріңіз жоқ еді, сіздерге бір нәрсе болып қалды ма деп такси алып жеттік.
Қайрош: (Жабық тұрған картинаға барып, жамылғысын алардан бұрын) Арман, Еркеш алле оп, сюрприз.
(Барлығы портретке қарап қалған, Жамал да біресе портретке біресе Арманға қарайды. Зәуреш үндемей диванда отырып қалған)
Жамал: Зәуреш шынымен один в один. Қандай қызық, ә? Зәуреш мүмкін Арманды байқаусызда көшеде көріп, оның бейнесін жадыңда сақтап қалған шығарсың?
Арман: Қызық екен. Менің папам тапсырыс берген жоқ па сізге?! Мүмкін мамам шығар тапсырыс берген. Маған сюрприз болсын деген жоқ па екен?
Еркеш: Шынымен один в один. Вот это сюрприз?!
Жамал: (Салдырлап) Сюрприз в чем? Бұл портретте мына Зәурештің туа салысымен қайтыс болған баласының болашақ келбеті салынған. Өйткені ол өзіне және Сатыпалдыға ұқсас аптропологиядан туған бала осындай болуға тиіс деп тапқан.
Арман: Қызық екен менің әкемнің аты да Сатыпалды.
Жамал: Не?! Вот это да?! Ал мамаң бар ма?
Арман: Әрине мамамның аты Гүлбарам.
Жамал: Тұра тұр Арман. Менің басым айналып кетті. Ал фамилияң кім?
Арман: Естемесов.
Жамал: Не?!
Естай: Сен Сатыпалдының ұлымысың?!
Арман: Ия Сатыпалдының ұлымын.
Естай: Әрине онда ұқсайды.
Жамал: Не айтып тұрсың білемісің?!
Естай: Не айтып тұрмын. Әкесі бір шешесі бөлек болып тұрған жоқ па. Не Сатыпалды осы күнге ай қарап жүр деймісің?! Қызық екен бір әкеден туған бала неге ұқсамауға тиіс.
(Зәуреш жамылғысын жамылып диванда әрі-бері теңселіп отыр. Есі дұрыс емес адамның қылығын жасап, ешкімге қарамай теңселе береді)
Жамал: Зәуреш, жаным саған не болды?! (Зәуреш басын шайқай береді. Жамалдың құлағына бірдеңе деп сыбырлайды. Жамал шошып, аузын баса қояды. Жамал орнынан баяу тұрып, Арманды ары-бері әбден қарап) Сен қай жылы туғансың?
Арман: 1990 жылы 5 мамырда.
Жамал: Ах-ах айналайын шатасып тұрған жоқсың ба?!
Зәуреш: (Диваннан тұрып кетіп, терезеге барады) Жамал сұрақты доғар. Ары қарата қажеті жоқ.
Естай: Яғни ...?!
Жамал: Бұл Зәурештің ұлы.
Арман: Не айтып тұрсыз, мына кісі менің шешем деп тұрсыз ба? Мені шатастырмаңыз.
Еркеш: Мәссаған не айтып кеттіңіздер. Арманның өз анасы мен әкесі бар.
Жамал: (Ары бері жүріп, долданып) Осы қылығы үшін Сатыпалдыны соттау керек. Өмір бойы анасын баласынан айырып, қайтыс болды дегені үшін... Бұл деген кешірілмес күнә! Арман шақырт әкең мен шешеңді. Білсін қандай кешпес күнә арқалап жүргендерін.
Арман: Сіздер не айтып кеттіңіздер? Айттым ғой менің анам бар деп.
Жамал: Ал менің саған айтарым, мына Зәуреш нағыз туған анаң. Қалай олар жер басып жүр. Ал мына Зәуреш байқұсты жындыханаға тығып, қалай өмір сүруге болады, а?! Я этого так не оставлю, слышишь Зауреш?!
Естай: Енді түсіндім. Шынымен Арман онда шақырт әкең мен шешеңді. Заңгер ретінде мен де қалыс қалмаймын. Ал мына туған шешеңнің көрген азабына кім жауап береді?!
Арман: Не айтып тұрсыздар, менің әкем Сатыпалды шешем Гүлбарам дедім ғой. Естеріңізде болсын мына әйелді танымаймын, танығым да келмейді.
Гүлім: Алла-ай, Арман балам бұлай артық сөйлеме. Зәурештің кінәсі не? Ол сенің бар екеніңді білмеген. Өмір бойы өлдіге балап, шелпек пісіріп, құран оқытқан, ананың өтеуі қандай болмақ?!
Арман: (Қайрош пен Гүлімге қарап) Мұндай сюрприздерің құрысын. Шынымен менің әкем осындай арамдыққа барады деп ойласаңыздар қателесесіздер. Сенбеймін!
Еркеш: Неужели Гүлбарам тәтеміз де осындай арамдыққа баруы мүмкін. Ол кісі тегі періште адам?!
Арман: (Сасып, жалбарынып) Айтшы Еркеш, менің ата-анам өмір бойы біреудің ала жібін аттамаған адамдар, мені де солай тәрбиелеген.
Жамал: Ал мына туған анаңды қайтесің, сонда бәріміз жабылып саған өтірік айтып тұрмыз ба? Шешең сені босанып жатқанда мына Естай екеуміз далада күтіп жүргенбіз. Мамаңа кейсарева жасап, сені өлі туды деген. Бұл 1990 жылы 5 майда болған уақиға. Әжең аурухананың ішінде жүрді, ал сенің атаң беделді басшы қаланың мэрі болатын... Бәрін келістірген ғой...
Арман: Жә жетеді енді, атам мен әжемді бұл былыққа қоспаңыздар. Олар бұл дүниеден өтіп кеткен. Енді мені жынданбасын десеңіздер доғарыңдар бұл әңгімені.
Зәуреш: Шынымен доғарыңдар бұл әңгімені. Арманның адал әкесі мен періште анасы бар, салиқалы ата мен әжені көрген азамат. Менде бала болған емес, мына портрет қана.
Бұл бір жалған түс. Ұмыт бәрін. Арман келген Астанаңа қайт. Жамал, Гүлім, Қайрош, Естай бәрің де қайтыңдар. Мені, бұл пәтерді ұмытыңдар. Бәрі жалған түс, мен түс көріп тұрмын... (Жындының кейпіне енеді, барлығы киініп, аяқтарын еппен басып шығып кетеді. Арман да артына қарамастан жүгіре басып шығады)
Финал
Зәуреш диванда шәлісін жамылып отыр. Қатып қалған ескерткіштей. Бір кезде есік қоңырауы шар ете қалады. Зәуреш селк ете түседі. Мән бермей отыра береді. Қоңырау безілдеп бой бермейді. Зәуреш есік ашып, кері шегінеді ...
Жамал: О, ғажап сені де көретін күн бар екен-ау. Бармысың құрбым. (Жолай қол сумкасы мен қорапқа оралған шыршасын, диванның үстіне қойып, киіімін шешіп диванның үстіне лақтыруда. Қолын төбесіне көтеріп, тізерлеп отыра қалып) Кешір, кешір мені.
Зәуреш: (Кейін шегіншектеп, сасып,) Құдайым-ау тағы да қайталанды-ау. Бұл түстен арылатын күн бар ма?!
Жамал саңғырлап сөйлеп жүр...