Жылдың үздік фантастика және детектив шығармасы
162

Сезік тудырған сенімхат

Шытырман документалды оқиға                         

  (Болған оқиға ізімен)

  Саңырауқұлақ теріп жүрген ол шелегін жартылай толтырған күйі жерге қойып,қалың шөпті таяғымен түре бастаған. Кенет оның таяғы әлдебір затқа тигендей болған. Ер кісі еппен шөптің арасына үңіле бере қатты шошығандықтан  кері секіріп түсті. Балауса шалғын арасында бет-аузы кісі танығыссыз күйде ер адам мәйіті жатты.

 

     Оқиға орнына келген  қалалық полицияның кісі өлімін ашу бөлімінің уәкілдері «мылқау өлімге» кез болғандарын бағамдады. Себебі мәйіттің жан қалтасында жеке басын куәландыратын бірде-бір құжат табылмаған. Астаналықтар табылған мәйітке ұқсас адамға іздестіру жарияламаған еді. Тергеу камерасында жатқан қылмыстық элементтерде өлімді өз мойындарына алудан бас тартты. Енді не істеу қажет ? Осы сауал алдыны ораған сайын оперативті топ тұйыққа тіреле берді. Өлім қасақана жасалғаны көрініп тұрды. Кездейсоқ өлім болса, мәйіттің мойнындағы қылдай сызықтың сыры не болғаны? Демек, кісі өлтіруші құрбанынның мойынына қыл темір салып қылқындырып өлтірген сыңайлы. Өлтіру тәсіліне талдау жасаған із кесушілер өлімнің автокөлік үшін жасалуы ықтимал деген жорамал ұсынды. Алайда бұл болжам төңерегінде де күмән пайда бола бастады. «Мәселен солай болсын делік, ал оның автокөлігімен  қаладан шығып, із-тұзсіз жоғалғаны туралы неге бірде-бір адам іздеу салмады? Тіпті оның туысы болмаған күнде қайдан іздеуге болады?»

     Түрлі сауалдар шаужайға оралған сайын уәкілдер тығырықтын шығар жолдың амалы мен тәсілдерін көптеп қарастыра бастады. Нәтижесіз іздестіру бір айға созылды. Көп ұзамай Ресей Федерациясынан астаналықтарға  жоғалған адам туралы сұраунама келіп жетті. Іздестіру сұраунама құжатта ресейліктер ерлі –зайыпты Ирина мен Феодор Горюниндерге іздеу жариялағанын жеткізді. Куәлердің айтуына қарағанда олар Астанаға екі ай бұрын автокөліктерін сату мақсатында жолға шыққан. Алыстан жеткен фотосуретке көз салған уәкілдер бір айдан астам ішіне сыр бүккен   жұмбақтың шешімін тапқандарын сезді. Мәйіт танылды. Дерегі анық болды. Енді қылмыстының ізіне түсу мәселесі қалған еді. Құқық қорғаушылар текке уақыт ұттыру абырой әпермесін жақсы білді. Олар шұғыл Ресейлік әріптестеріне марқұм Феодор Горюниннің  әйелі Ирина жөнінде толыққанды мәлімет жіберулерін сұрады. Бірнеше күннен кейін келіп түскен жауап мәліметке  қазақстандықтардың көңілдері толмаған еді. Ерлі-зайыпты Горюниндер бірнеше жыл бұрын Ресейге қоныс аударып, Қазақстан жеріне автокөлік апарып сатумен айналысқан екен. Олар темір тұлпарларды Республиканың кез келген облыстарына апарып сататын болған. Ал Астанада бұрын тұрмаған. Алматыдан көшіп барған. Уәкілдердің алдында түйінді шешер жалғыз жолы болды. Ол- ұсталған ескі көліктер базары мен автокөлік қуып кетушілермен жұмысты өрістету. Қолда бар жалғыз мүмкіндік жоғалған көлік жайлы еді. Олар қызыл түсті шетелдік көлікті іздеді. Құрып кеткір, осы бір моторлы темір үшін екі бірдей адам өлтіріліп отыр. Иринаның мәйіті табылмаса да, із кесушілердің оның өлтірілгеніне күмәні қалмағандай. Алайда келесі тәуліктердің бірінде «02»ге  соғылған қоңырау қызық хабар жеткізді. Жасамыс әйел өте толқуулы күйде құнды хабар айтты. Суыт әйелдің пәтеріне келген жедел топқа үй йесі жақында оның бір бөлмесін ерлі-зайыптылар жалға алып тұрғанын, олар автокөлік алыпсатарлары болғанын, аттары Феодор мен Ирина екенін дәл жеткізді. Бір аптадан соң үй йесіне ерлі-зайыптылар көліктерін сатуға жақсы клиент тапқандарын, көп ұзамай  Ресейге қайтатындарын  айтқан. Ертесі күні үйден кеткен ерлі-зайыптылар сол кеткеннен мол кеткен. Асай-мүсейлерін алмай кеткеніне таң қалған пәтер иесі, «Мүмкін асығыс кеткен болар. Соншама ақша табатын жандар үшін ұсақ-түйек деген не тәйірі...»деп ойлаған да қойған.  Бірақ жасы жеткен  үй йесінің  көңілін алабұртқаны Валиев деген біреудің атына толтырылған көліктің сенімхаты  болатын.  Горюниндер ұмыт қалдырған  құжаттың иесі кім болды екен? Осы сауал мазалаған әйел полицияға хабарлауға сан оқталып сан қайтты. Мүмкін кешегі күдікті кісі есік қоңырауын баспағанда,  бұл мүлдем полицияға қоңырау шалмас та еді мүмкін... Үй иесінен әлгі «біртүрлі қонақ»  «Менің атымда Федя сенімхат қалдырып кетіпті. Соны бере салмас па екенсіз...» деп қиыла сұрады. Мария апай болса бір бәлені іші сезген тәрізді. Ол Ира мен Федяның өздері келмесе мен қайдан білемін деп жеңіл құтылады. Жедел топ кейуананың тапқырлығына разы кейіпте қолдарына Валиев атты біреуге толтырылған  сенімхатты алып тұрды. «Мұнымен бітпейді. Қызық болғанда мына газеттердегі хабарландыруларды қараңызшы...» деп кемпір тағы бір кереметтің басын қылтитты. Бума газеттерге көз салған із кесушілер автокөлік сатып алушылардың телефон сандарын қызыл қарындашпен қоршап қойған жолақтарға көп үңілді. Осы сәтте кемпір Федяның берген хабарландыруын көрсетті. «Ол шетел көлігін 5-мың АҚШ долларына сатуға берген. Оған хабарласушылар көп болған сыңайлы. Ал мына газетті кеше сатып алсам, Федяның берген хабарландыруындағы «Мазда»  тағы жұр...»  Жасы жеткеніне қарамастан есте сақтау қабілеті мықты  кемпір сампылдай жөнелді. «Бұл жолы көлігін 4 мың АҚШ доларына өткізуге күш салған»- деп, құнды ақпаратты жайып салып қарап отыр. Шынымен уәкілдер  көлік сатушылардың газет қиындысына терең үңілген сәтте ұқсас хабарландыруға кез болды. Аға жедел уәкіл Валентин Сергеевич кемпірден құжатты алып, кешегі келген қонақтың түр-түсін пысықтап сұрап іздеуге аттанды.

     Қылмыстың шамамен жасалған нобайы қылаң бере бастағандай. «Көлік алушы Федор Горюнинді көндіріп, көлігіңді міндетті түрде алам, сен сенімхат толтыра бер. Сонан кейін ақшаңды қолма-қол берем деуі мүмкін...» .Қылмыскер алдын –ала жоспар сызған сыңайлы.  « Ерлі-зайыпты Горюниндер ақшаға келген сәтте көзін жоюды мақсат еткен. Ал сенімхатсыз қалай көлікті иеленбек болған?» Осындай сауалдармен ұзақ ойланған аға уәкіл жасалған жорамалдар дұрыс жолға түсіргеніне шүбәсіз сенген еді.  Алайда Валиевтің сенімхатсыз қалай көлік сатуды көздегені түсініксіз. Бірден теориялық ой толғамдарға ерік бермей, алдымен Валиевті өз есептері арқылы  тексеріп көрген із кесушілер ол туралы ешқандай дерек таба алмады. Тұрағы анықталды. Күдіктіні пәтерінде қолына кісен салуға болар еді. Жедел топ алдымен оның ізіне түсуді көздеді. Сол күні кешкілік Валиев үйіне кештеу оралған. Мүмкіндігінше онымен сөйлесуді құп көрген аға уәкіл Валентин Сергеевич оның үйіне қоңырау шалды. Трубканы секемдене қолына алған Алтай Валиев «не керек?»деп дүңк ете түсті. Сыпайылық сырын сақтаған Валентин болса көлік сатып алушы ртінде хабарландыруды оқығанын, неғұрлым арзан көлік керек болғанын айтты. Алтайдың «Мазданы» төрт мыңға сатам деген хабарландыру бергенін білетін тәжірибелі уәкіл оны сынау мақсатында үш мыңға берші, ақшаң қолма-қол деп қойып қалды. Сәл ғана үнсіз қалған Алтай «Жәрәйді..Қашан жолығамыз.?..»деп келісе кетті. Осы жауаптан соң уәкілдер күдік бұлтын қоюлата түскен Валиевтің шынымен екі кісі қанының жауапкері болатынына  шүбәсіз сенді. Өз көлігін сатушы алдымен жүз,екі жүз ары кеткенде үш жұз доллар «лақтырар». Бірден мың доллар түсіру деген...Демек, Валиев снеімхатсыз көлікті «өзге» жолдармен көзін құртуды ойластырғаны сөзссіз. Ақпарат беруші кемпірдің үйіне қылмыскер зиян тигізбес үшін қосымша қызметкер қалдырылып,сақтық шаралары жасалды.

  Келесі күні келісілген уақытта төрт жедел топ қызметкері Валиевтің үйіне келді. Екі уәкілді үй сыртында қалдырған Валентин Сергеевич қасындағы «нөкерімен» үй ауласына беттеген. Алдарынан қарсы шыққан Алтай Валиев таныстықтан соң  бұларды сарайда қаңтарылған «Маздаға» бастап жүрді. «Көлік қозғалтқышын көрсетші!..» деген аға уәкіл Валентин Сергеевич  Алтай капотты көтере бергенде, жон арқасына тапанша тақап, тырп етпуді бұйырды. Көлік салонын тексеру барысында орындықтарда қоңыр түсті бояу  жұққаны анықталды. Әрине ол жазықсыз жандардың нақақ төгілген қан ізі екені кейін мәлім болды.

  Шамамен бір ай бұрын ерлі-зайыпты Горюниндер автокөлік сату кезінде Алтай Валиевпен кездойсоқ танысып қалды. Ылдым-жылдым жігіттің көмегі аз тимеді. Ол Горюниндердің көлігін сатуға көмектесті. Астананың көлік базарын бұдан артық білетін жан кемде-кем. Келесі жолы тағы келеміз деген Горюнидердің алдынан өзі шыққан Валиев олардың мініп келген күміс түстес «Маздасын» алғаш көргеннен «ғашық» болды. Қалталы клиент табылмаса өзім алам деп уәде еткен ол «сөзінде тұруға» тырысты. Нотариалды кеңседе өз атына сенімхат жастуға барған Алтай Валиевтің басында  зымыстан ойлар ойнақ салып тұрған болатын.  «Бес мыңға бұрын пайдаланылған көлікті өткізу мүмкін болмаса да, төрт мыңға қолдан кетейін деп тұрған сыңайлы. Ол үшін сенімхат жасатып алып, көліктің иелерінен арылу керек... Горюниндерді жуық арада ешкімде іздеуі мүмкін емес. Өздері Ресейде көздері Қазақтанда болған  бұларды шұғыл анықтауда қиын болар», деген арам ойлы Алтайдың қасына тағы нөкер қажеттілігі өз-өзінен сұранып тұрды. Ол оны тапты да. Өзі тұратын ауданнан оңай табылған бөліскері арақты жақсы көретін. Екеуара кішігірім отырыс жасап тұрды. Әрине ақшаны біреулерді тонау жолымен табатын.  Қанды оқиға орын алатын күні Валиев нотариустан шығысымен  көлік иесі Феодорға бір ұсыныс айтты. «Мазда» тым сүйкімді-ақ...Алдымен мен оның жүрісін көруім қажет. Ол үшін қаланың сыртына тас жолға шығайық. Көптен бері көлік басқармаған соң, қарайыңқырап қалған сияқтымын. Федя өзің айдай бер!» деген ол Федор мен жұбайына қолқа салды. Алдымен пәтерге барып үй йесіне көлігімізді саттық, ертең жол жүретінімізді айта салайық деген Феодордың өтінішіне Алтай еріксіз бас шұлғыды. Алтай осы тұста «жаңылуға» мәжбүр болды. Ол көлікке деген сенімхат туралы ұмытып кеткен болатын. Феодор болса,біраз құжатпен араластырып сенімхатты пәтерге қалдыра шықты.  Ирина күйеуінен қалғысы жоқ. Онысын Алтайда қалаған жоқтұғын. Феодордың басқаруындағы көлік ызғытып Астанадан шыға берді. Әрине әлденден секем алғанымен, Феодордың ойында сатып алушының көңілінен шығу жөн деген пікір орныққан болуы керек. Көп ұзамай Алтай мен нөкері алдын-ала белгілеген алыс мекенге де жақын қалды. Осы сәтте Алтай оқыстан «Федя тежегішті бас! Әлдебір нәрсе тақылдағандай ма қалай?» деп қалды. Феодор шұғыл тежегішті басып қалғанда ,сол сәтте оның мойнына сым темір орала кетті. Артқы орында  отырған банды Иринаның қылқындыра бастады. Жандалбасымен Феодор есікті ашып шығуға ұмтылғанымен,бастан тиген ауыр соққы оның есінен танып құлауына мәжбүр етті. Бас аяғы екі минут ішінде Феодордың саудасын бітірген екі жауыз оынң мәйітін жасыру мақсатында мола қаза бастаған. Алайда ауыр жұмыс жүйкесіне тиген Валиев саперлар күрегін аулаққа лақтырып жіберіп, мәйіттің үстіне шөп, жапырақты үйе салды. Иринаны күштеп көлікке қайта мінгізіп, оның күйеуі өлтірілген маңайдан бірнеше шақырым ұзап шықты. Қаны қарайып алған олар қорыққанынан қалтырап әл-дәрмені құрыған Иринаны өлтіруге беттеді. Иринаны жауыздар асқан қатыгездікпен буындыра бастады. Жарық дүниені қиып кету оңай ма? Әйел ұзақ қарсыласқанына қарамастан банды басшысы оны буындырып қимылсыз қалған сәтте суға итере салды. Суға түскен дене қимылдап тұншыға бастағанын көрген Алтай жалма-жан жанына жетіп барды. «Жаны сірі неме екен» деп оның басын суға батырып ұзақ тұрды. Сәлден соң соңғы рет бұлқынған әйел денесінен жан шыққанына көзі жеткен ол мәйітті жақын жердегі бұзылған там ішіне сүйреп апарып таспен бетін жасыра салды. Бір-біріне үрейлі кейіпте қараған екеуі шұғыл із суыту керектігін бағамдап, қанды жолмен қолдары жеткен  көлікке мініп Астанаға қарай жүріп кетті. Көлікті өзі басқарып отырған Алтай жол полициясына кез болмасақ екен деп тілеу тіледі. Қасындағы қандықол серігі автокөлік салонында жатқан орыс арағын алып жұта бастады. « Калян,сенімхатты қайттік?» деген Алтайдың сұрауына анау болса иығын қиқаң еткізгеннен басқа ләм демеді. Бұлар Валиевтың ауласындағы гаражға көлікті түнделетіп кіргізіп, үйге енді. Сенімхатты қалайда табуды ойлаған Алтай ертеңгілік кемпірдің үйіне барған. Қырсық кемпірдің қолынан ештеңе ала алмасына көзі жеткен соң алдымен көліктен құтылудың жолын қарастырды. Көлік шаруасын бітіріп алып, сонан соң кемпірдің «сазайынын» тартқызуды ойлаған. Таныстарының кеңесімен ол астыртын құжат жасайтын  нотариалды кеңсе тауып ,Феодордың құжаты негізінде сенімхат жасатып шықты.  Әрине ол да аз ақша тұрмады. Осы қылмысты ашу кезінде жедел топ өкілдерінің басын қатырған сенімхат мәселесінің құпиясын Алтай Валиев осылай шешкен еді.  Марқұм Феодор мен Иринаның сәтті бизнесіне тосқауыл болған өлімді жасаған жауыз Валиевтың бостандықта ұзақ жүруі әсте мүмкін еді. Тек марқұмдар сенімхатты жалдаған пәтерлеріне әдейі қалдырмағанында... Жалғыз құжат пен куәгер кемпірдің сауатты жауаптары осы қос кісі өлімін бас-аяғы бір айда ашуға мүмкіндік әперген болатын.