Жылдың үздік балалар шығармасы
6
6
Күз келгенде
-Ана, неге жапырақтар құлайды?
-Жапыраққа күздің биі ұнайды
-Ал бұлттар ше? Неге олар жылайды?
-Жауын деген Көктің нұры шырайлы
-Ана, неге, құстар кетіп барады?
-Тоңып қалса ауырады тамағы
-Ал аңдар ше, ауырмай ма орманда
-Індерінде жылынады тоңғанда
-Ана, неге көбелектер тығылды
-Қайтқан болар үйлеріне бұрынғы
-Ал ағам ше қайда кетті таңертең
- Күз келді ғой, мектебінде ол, еркем
-О, алақай, білім күні екен ғой
Бір жылдан соң мен де оқуға кетем ғой
-Бірге сезіп мына күздің ғажабын
Сен оқушы атанасың, иә, жаным