Жылдың үздік балалар шығармасы
4

Санамақ

Бір дегенім бабам

Үміт артқан маған

Екі деген елім

Махаббатым менің

Үш дегенім үйім

Тәңір берген сыйым

Төрт дегенім туыс

Сарқылмайтын ырыс

Бес дегенім бесік

Содан шықтық өсіп

Алты деген ауыл

Аға-әпке, бауыр.

Жеті деген жайлау

Ұртты ақпен майлау.

Сегіз деген сағат

Басталады сабақ

Тоғыз деген тегім-

Келешекке сенім

Он дегенім Отан

Абай, Мұхтар, Шоқан

Далаңды сүй, сақта,

Бабаңды біл, Ботам!