18
Сүю
Сонау бір сезімге кенедей құмартып,
Отырам өзіме,өмірге мін артып.
Мен солай күніне мың өліп, тірілем,
Шықпасын білсем де мұнан түк.
Бір кездері кетсе де ауып,түлеп,
Сол адамға бақ тілеп,сауық тілеп,
Қылығына қара ту көтерместен,
Сүйе беру – бәрінен қауіптірек.
Енді қазір ессіздей сорайып ап,
Ойлайды екем,болса да орайы – «қап!»
Неткен азап – ұмытпау,одан,бәлкім,
Құздан құлай салғаным – оңайырақ.
Жолдар мені тосады-ау одан бұрын.
Аңсауменен өлшенген болар құным,
Сол қаланы сағынам,қаланы емес,
Оған деген сағыныш болар мұным.
Кердең қағып кетті ме ой қиялымда,
Көп малынды содан да сия мұңға.
Бір адамның «сәлемін» тосқандықтан,
Ашылмаған хаттар көп ұялымда.
Естелікті елес қып,аңсап кейпін,
Жүрек,сені дәл бұлай шаршатты-ей кім?
Аяқ асты адасып, сол жанменен
Бір кездейсоқ жолығып қалсақ деймін.
Тілек осы бола ма қабыл анық?
Жүрмін әлі,өртеніп,жаным арып.
Әр түн сайын жылаумен іскен көзді,
Салқын суға таңертең малып алып.
Оралар ма ем сол сәттің шағына үзік,
Кетпесе екен қорқыныш тағы да үзіп.
Күтемін ғой,бәріне өлең – куә,
Өзің кел де, өртіме бол тамызық.