Жыл жаңалығы ретінде танылған көркем туындылар
Ә
дебиеттанушылар шығармалардың көркемдік құндылығын жоғары бағалады
Жыл жаңалығы ретінде танылған көркем туындылар әдебиет әлемінде ерекше назарға ілінді.
Алматыда өткен «Ұлттық әдебиеттің даму болашағы» атты дөңгелек үстелде Мақсат Мәліктің «Абыл мен Қабыл», Қанат Әбілқайырдың «Ағыраптағы аты жоқ адам», Әлібек Байболдың «Мұтылған» романдары кеңінен талқыланды, деп хабарлайды almaty.tv.
Әдебиеттанушылар мен сыншылар шығармалардың көркемдік құндылығын жан-жақты саралап, қазақ әдебиетіне қосқан жоғары үлесі деп бағалады. Іс-шара ұлттық әдебиетті дамытуға, жас таланттарды қолдауға бағытталған маңызды бастама ретінде қарастырылып отыр.
"Барды бағамдап, жоқты түгендеп, бардың бағасын беру үшін және болашақтағы бағдарымызды анықтау үшін осындай жиын керек. Бүгінгі әдебиеттің жетістігі, кемшілігі сынды сұрақтарға жауап іздедік", – деді Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай.
Фото pexels.com.
"Кейіпкердің аты Мұрат. Оның қылығы, мінезіне сай, елдер оны Мұтылған деп атап кетеді. Мұтылған арқылы қазіргі қазақ қоғамындағы көкейкесті мәселелерді, түйінді, түйткілдерді көрсеткім келді", – деді жазушы, драматург Әлібек Байбол.