Заманауи кітапхана келбеті қандай болуы тиіс

Қ

азақстанда кітапханалардың цифрлық трансформациясы қарқын алып келеді

pexels.com

Цифрлық технологиялар дамыған заманда жалт-жұлт еткен әлеуметтік желілер жұрттың назарын жаулап алғаны хақ. Ал адамдардың кітапқа қызығушылығын арттыру үшін кітапханаларымыз бәсекеге қабілетті бола білуі тиіс. Осы және басқа да өзекті мәселелер «Қарағанды09: еркін диалог аумағы» OpenTalk-те көтерілді.

Қарағанды қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы обыстық әмбебеп ғылыми кітапханасында өткен халықаралық шараға қонақ ретінде Қазақстан ұлттық кітапханаларының басшылары, Ресей мен Түркияның сарапшылары келді.

Кітапхана

Фото: Айзада Ағылбаева\Kazinform

ОpenTalk-ке қатысушылар қазіргі заманғы кітапханалық қызметтің теориялық және тәжірибелік бағыттарын талқылап, қоғамдық және жоғары оқу орындарының кітапханалары, мұражайлар мен мұрағаттардың өзара іс-қимылы жайлы пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ шара барысында еліміздің 11 облысынан келген кітапхана басшылары мен жетекші мамандары панельдік сессияларға қатысып, шығармашылық әдістемелерімен және табысты тәжірибелерімен бөлісті.

Қазақстан, Ресей және Түркиядан келген сарапшылар еліміздегі кітапхана жұмысы қарқынды дамып келе жатқанын және жастардың кітап оқуға деген қызығушылығы артқанын атап өтті. Мұндай жетістіктерге жетудің бірден бір себебі Қазақстанда кітапханалардың цифрлық трансформациясының қарқындауы, дейді сарапшылар. Кітапханалардың жұмысын ілгерілетуді көздеген мамандар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Ұлттық электрондық кітапхана» жобасын жүзеге асырып отыр. 

«Бұл жобаның басты мақсаты – барлық ұлттық кітапханалардың оқырмандар үшін цифрлық форматта қолжетімді болуы. Бүгінгі таңда біз екі облыстың кітапханасын цифрлық форматқа ауыстырдық. Ал пилоттық жоба ретінде біз оларды Қазнетке енгіземіз. Оған 80 ел кіреді және ондағы барлық кітаптар цифрлық форматта қолжетімді, – деді мұрағат, құжаттама және кітаптану комитетінің кітапхана бөлімінің бастығы Алмаз Мырзахмет.

Ресейден келген сарапшы Ирина Михно болса өз кезегінде қазірг кітапханашылардың алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – жастардың кітапқа деген қызығушылығын сақтау және дамыту жайлы өз ойымен бөлісті

– Бүгінде Ресей кітапханалары, Қазақстан сияқты, мемлекеттік жастар саясатына сәйкес келуге тырысуда. Сондықтан кітапхана ісіндегі әртүрлі мәдениеттердің өзара әрекеттесуі өте маңызды. Біздің кітапханаға күн сайын 800–900 адам келеді. Жастар кітапхана кеңістігін және олардың мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін ресурстарды тартады. Кітапхана жастардың бос уақытын пайдалы түрде өткізетін орны туралы түсініктеріне сәйкес болуы керек. Бұл жағдайда білімді ұсынудың әртүрлі форматтары болуы керек – ауызша, баспа, диалог. Жастар бүгінде қарым-қатынасқа көбірек тартылады. Оқырмандардың қалауы да өзгерді. Егер бірнеше жыл бұрын жастар көркем әдебиетті ұнатса, бүгінде нон-фикшнге көбірек көңіл бөледі, – дейді Ресей мемлекеттік жастар кітапханасының директоры Ирина Михнова.

Спикерлердің баяндамаларынан бөлек, сессия шеңберінде «Кітапхана – жаңа қоғамдық кеңістік» атты жаңа кітаптың тұсаукесері, кітапханананың 90-жылдық мерейтой аясында жарияланған «Жастарды кітапханаға тарту» атты іске асырылған жобалардың ашық байқауының және «HackTheBookshelf» хакатонының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Кәсіби шараның жалғасында кітапханашылар пікірталас алаңдарға, шеберлік сағаттарға және дөңгелек үстелге қатысып, тәжірибелерімен алмасты.

Халықаралық іс-шараның екінші күні Ресей ұлттық кітапханасымен (Санкт-Петербург қ., РФ), Ресей мемлекеттік жастар кітапханасымен (Мәскеу қ., РФ), А.С.Пушкин атындағы Омбы облыстық кітапханасымен (Омбы қ., РФ) Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.

Кітапхана

Фото: Айзада Ағылбаева\Kazinform

Бұдан бөлек кітапхана ісін жандандыруға бағытталған мерейтойлық іс-шараның жалғасы ретінде қазақ әдебиетінің, аймақтың шығармашылық шыңдалуына өзіндік үлес қосып жүрген жергілікті ақын-жазушылардың қатысуымен «Жаңа дәуір әдебиеті: дәстүр және жалғастық» атты дөңгелек үстел өтті. Маңызды шараның модераторы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет болды.