Қазақ ертегілері татар тілінде жарық көрді

Қ

азақ халық ертегілері — заманауи мәдениеттің іргетасы, адамгершілік күш пен руханияттың қайнар көзі.

Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулдығы татар тілінде «қазақ халық ертегілері» жинағын таныстырды. 

Тұсаукесерде Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Татарстан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Дамир Натфуллин, аудармашы, Қазан федералды университетінің филология және мәдениетаралық коммуникация институтының доценті Гүлфия Гайнуллина, Қазан қаласының туризмді дамыту комитетінің директоры Дарья Санникова сөз сөйледі.

Қатысушылар жинаққа қазақ халқының бай мәдениетін, салт-дәстүрлерін баяндайтын халық ертегілері енгенін атап өтті.

Халық және әдеби ертегі шығармашылығы мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың адамгершілік және эстетикалық тәрбиеге, жалпы ой-өрісі мен танымдық қызығушылығын кеңейтуге ықпал етеді.

татар

Фото: СІМ

Қазақ халық ертегілері — заманауи мәдениеттің іргетасы, адамгершілік күш пен руханияттың қайнар көзі.

Тұсаукесер соңында 30 дана кітап халықаралық бағдарлама бойынша оқытатын «Бала сити» көптілді балабақшасына берілді.

Сонымен қатар, қазақтың музыкалық шығармалары көрсетіліп, ұлттық тағамдар дайындау бойынша мастер-класс өтті.

Іс-шараға Қазанда аккредиттелген шетелдік бас және құрметті консулдықтардың басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ іскер топтардың, БАҚ және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

ертегі

Фото: СІМ

Жинақтың таралымы — 200 дана. Жақын арада кітаптар Татарстанның мұражай, мұрағат және көрме қорларына түседі.