Кітапханалардың табысын арттыруға мүмкіндік бар – министрлік
«Мәдениет туралы» заңға кітапхана қорын сақтау туралы өзгеріс енгізілді
Мәдениет мекемелері ақылы қызметтер арқылы саладағы мамандарды ынталандыру тетігін дамытуға болады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті., деп жазды Kazinform
Атап айтқанда, «Мәдениет туралы» заңға кітапхана қорын сақтау және дамыту мәселелері бойынша әкімдіктердің өкілеттігін кеңейтетін өзгерістер енгізілді. Кітапханаларға да өз ғимараттарын пайдалана отырып, оқу-білім және мәдени шаралар ұйымдастыру мен өткізу қызметі берілді.
— Бұл қадам кітапхананың дамуын ынталандырады деп санаймыз. Кітапханалардың 99%-ы жергілікті атқарушы органдарының қарамағында. Бұған мәдениет саласындағы 4 000-ға жуық кітапхана және білім беру саласындағы 8 000-нан астам кітапхана кіреді. Облыстық және аудандық деңгейдегі атқарушы органдарға кітапхана қорын дамыту және сақтау өкілеттігін беру — айтарлықтай мүмкіндіктерге жол ашады, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Ведомствоның ақпаратына қарағанда, мемлекеттік кітапханаларға ғимараттарын пайдалана отырып, іс-шараларға ақылы қызметтер көрсету құқығын беру тәртібі кітапханаларды қолдауға жақсы мүмкіндік.
— Бұл қызметтерден түскен қаражат кітапхананың өзінде қалады. Осы орайда олар өздерінің шығындарын жабуға мүмкіндік алады, - деп аталып өткен министрлік мәліметінде.