Жас ақын-жазушыларға Президенттік арнаулы әдеби сыйлық берілді

Қ

азақстандық жас жазушылар мен ақындар марапатқа ие болды

pixabay.com

Мемлекет басшысы «Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады "Қазақстан" ұлттық арнасы.

Биыл «Проза» номинациясы бойынша «Тергеуші» туындысы үшін Арман Әлменбетке, «Поэзия» номинациясы бойынша «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Есжановқа, «Драматургия» номинациясы бойынша «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін Бауыржан Мұстафиевке, «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Жазда атамның ауылында...» өлеңдер жинағы үшін Асылан Тілегеновке  Президенттік арнаулы әдеби сыйлығы берілді.