Жас ақын-жазушыларға арналған әдеби тур басталды

Ж

ас қаламгерлер Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейіне барды

Мәдениет және ақпарат министрлігі Алматы облысында жас ақын-жазушыларға арналған әдеби тур басталғанын мәлімдеді.

Министрлік жанынан құрылған «Alqa»жастар клубының мүшелері балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай жазушының ауылы Қостөбеге барып, қаламгер оқыған тарихи мектеппен танысты. Сонымен қатар мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған жері Қарасазға табан тіреп, ақынның өмірінен сыр шертетін Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейіне барды, делінген хабарламада.

Музейдің үш экспозициялық залында ақынның 1200-ден аса экспонаты, жұмыс үстелі мен қолданған заттары және қолжазбалары қойылған. Сапар барысында жас ақындар жыр оқып, әдеби кеш өткізгені айтылған.

Іс-шара аясында қатысушылар Райымбек батыр ескерткішіне тағзым жасап, Көлсай, Шарын шатқалында болды.

Әдеби тур Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына орай Жетісу облысында жалғаспақ.