Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының басталуына санаулы күн қалды
Т
үркі әлемі үшін олимпиадаға парапар жарысқа 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады
5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының басталуына санаулы күн қалды. Түркі әлемі үшін олимпиадаға парапар жарысқа 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады. Олар спорттың асық ату, көкпар, бәйге, теңге ілу, мас-рестлинг, қазақ күресі, арқан тартыс, аударыспақ, дәстүрлі садақ ату, көк бөрі, жамбы ату және овари сынды 21 түрінен мықтыны анықтайды.
Дүбірлі дода 8-13 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары — этникалық, дәстүрлі спорт түрлері бойынша халықаралық жарыс.
2014, 2016 және 2018 жылдары алғашқы ойындар Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында өткен еді. 2022 жылы Түркияның Изник шаһарында төртінші Дүниежүзілік ойындар ұйымдастырылды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары түркі, тарихи көшпенді халықтардың мәдени және рухани жақындасуына септесіп, аралас-құраластығын арттырады.
Оның спорт бағдарламалары – түркі жұртының ортақ тарихы мен мәдениетін біріктіретін көшпелі халықтардың ұлттық ойындарына негізделген.