Бердібек Соқпақбаевтың зағип жандарға арналған кітабының тұсаукесері өтті

А

лматыда «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты халықаралық онлайн конференция өтті.

ru.wikipedia.org

Алматыдағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада балалар жазушысы, ақын Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты халықаралық онлайн конференция өтті.

Оған Қазақстан, Ресей, Өзбектан, Қырғызстан, Татарстан зағип және нашар көретін азаматтарына арналған арнайы кітапханалар қатысты. Жиында жазушы шығармашылығының өміршең тұстары, кейіпкерлерінің ерекше портреті жайлы пікірлер айтылды, деп жазды kaz.inform.kz. 

кітап

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, конференция аясында «Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің атасы» атты көрме ашылып, оның нүктелі-бедерлі қаріпте басылып шыққан туындылары таныстырылды. Сондай-ақ, Бердібек Соқпақбаевтың нүктелі-бедерлі қаріпте және аудио форматында жарыққа шыққан «Балалық шаққа саясат» кітабының тұсауы кесілді. Сонымен қатар Қазақ зағиптар қоғамының көркемөнерпаздар ұжымы мүшелері және кітапхана оқырмандарының қатысуымен Бердібек Соқпақбаевтың «Ана жүрегі» әңгімесінен театрландырылған қойылым көрсетілді. 

жазушы

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Айта кетейік, Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне енгізілген.