Бекзат Саттарханов туралы жинақ жарық көрді

Ж

арқ етіп сөнген 20 жас

фото видеокадрден алынды

«Жарқ етіп сөнген 20 жас». Осындай атаумен даңқты боксшы, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың туғанына 45 жыл толуына орай жинақ жарық көрді, деп хабарлайды 24KZ.

Кітапқа 2000 жылдан бастап бүгінге дейін Бекзат жайлы өлең мен әндер, күйлердің ноталары енген. Қазақтың қайсар ұлының қысқа ғұмыры мен жарқын жеңістері баяндалған. «Қысқасы, бұл жинақ саңлақ боксшы жайлы кішігірім энциклопедия іспетті», – дейді түркітанушы ғалым Ержан Арғынбаев. Кітаптың тұсаукесері Түркістандағы оқушылар сарайында өтті.

Ержан Арғынбаев, жинақты құрастырушы: - Бекзат ағамыздың есімін түркі әлеміне дәріптеу үшін, таныту үшін біз қолымыздағы кітаптың түрікше нұсқасын дайныдап жатырмыз. Оны Түркияның Анкара қаласындағы Еуразия Жазуышлар одағының «BENGU» баспасынан шығаруды жоспарлап отырмыз. Жазға дейін екінші кітапты басып шығарамыз. Одан бөлек, қолымызда Бекзат Саттархановқа арналған 100-ге жуық өлең бар. Сол өлеңдердің барлығын жинап тағы бір «Ер Бекзатын жырлайды елі» деген атпен жеке жинақ шығарсақ деген ойымыз бар.