Балалар әдебиетінің жаңа жинағы шықты

А

станада «KitapTime» III жалпы республикалық кітап фестивалі өтті

pexels.com

Астанада «KitapTime» III жалпы республикалық кітап фестивалі өтті. Жылда ұйымдастырылатын жоба биыл Ұлттық академиялық кітапхананың 20 жылдығына арналған.

qazaqstan.tv сайты жазғанындай, шара аясында балабақша бүлдіршіндер мен бастауыш мектеп оқушыларына «Ойсана әліппесі» атты жаңа жинақтың тұсауы да кесілді. Кітап авторы Жақсыгүл Қалжанованың бұл еңбегіне қысқа тақпақ, өлең, ертегі, жаңылтпаш сынды туындылары енген.

Жақсыгүл Қалжанова, балалар ақыны, ҚР Жазушылар одағының мүшесі:

Балаларға осындай кітап кезінде жоқ болғандықтан, оқырмандар бұған сырт айналып кеткендіктен, мына білгенімізді жазып, балалар ақыны атанған жайым бар. Мен негізінде тәрбиешімін. Бірақ сол тәрбиелей жүріп, оларға не беру керек, қандай кітап пайдалануға болады деп әдістемелік жаздым.