Астанада балаларға арналған кітап көрмесі ашылды

К

өрмеге жалпы 150-ден аса туынды қойылған

24.kz

«Балдәуренді бала шақ». Осындай атаумен елордадағы Ұлттық кітапханада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кітап көрмесі ашылды. Онда қазақ және әлем әдебиетінің балаларға арналған үздік шығармалары, ертегілер, поэзиялық жинақтар, аудармалар мен суретті басылымдар қойылған, деп хабарлайды 24.kz.

Көрме «Ертегілер елі», «Қиял әлемінде», «Туған жер – тұнған шежіре», «Әлем балалар көзімен» және «Таным мен тәрбие» атты бірнеше бөлімнен тұрады. Мақсат – өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын ояту, бүлдіршіндердің тұлғалық дамуына жол ашу.

Мая Базарбаева, кітапханашы: - Бұл көрмеге жалпы 150-ден аса туынды қойылған. Көрме 1 маусымға дейін тұрады. Соған дейін кішкентай оқырмандар көріп, тамашалауына болады. Бұл жылда жалғасын табады. Осыған дейін де ұйымдастырған болатынбыз. Халықаралық балаларды қорғау күні ғана емес, ұлттық кітап күнінде де осындай көрмелер бізде жиі болып тұрады.