АҚШ кітапханасына 99 жыл бұрын алынған кітап қайтарылды
Б
ұл кітап 1911 жылы жарық көрген

Нью-Джерсиде (АҚШ) тұратын 81 жастағы Мэри Купер атасы 1926 жылы кітапханадан алған кітапты тапты, деп хабарлайды CNN.
Әйел кітапты 99 жылдан кейін кітапханаға қайтарды.
Ағаштан, темірден және басқа да материалдардан балалар ойыншықтарын жасауды үйрететін бұл кітап 1911 жылы шыққан. Купер ата бұл кітапты қайтыс боларынан бір жыл бұрын кітапханадан алған. Әйелдің санауынша, ол өзінің қызы, Мэридің болашақ анасы үшін бірдеңе жасағысы келген.
Мэри Купер кітапты кітапханаға бермес бұрын біраз қобалжыды. Олар кітапты қабылдай ма, әлде кешіккені үшін айыппұл сала ма (бір ғасырға жуық уақытта 18 мың доллар айыппұл жиналуы мүмкін еді).
Кітапты көруге кітапхананың он қызметкері келіп, табылған затқа дән риза болды. Сирек кездесетін кітап Томс-Ривердің естелік көрмесіне қойылды және қазір барлық оқырмандар үшін қолжетімді.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды