23 сәуір – Ұлттық кітап күні

К

ітап білімнің қайнар көзі болып қала береді

pixabay.com

Кітап білімнің қайнар көзі болып қала береді. Кітап оқу адамды  тәртіпке шақырады және маңызды медитация қызметін атқарады. Біз әдетте кітап оқуға,  аудиокітап тыңдауға уақытымыз жоқ айтамыз. Бұл сылтау ғана деп ойлаймыз. Білім бұлағы кітапқа үңілгісі келген адам мәндетті түрде күніне бір сәт болса да уақыт табады, деп хабарлайды «Сапалы Қазақстан» порталы.

Кітап оқуға уақыт жоқ па?

Көпшілік қазіргі интернет заманында кітап оқуға уақыт жоқ деп ойлайды. Бұл қате түсінік. Тек өзіңізге өте қарапайым мақсат қойып, аптасына тым болмаса  бір кітап парақтаңыз. Сонда бір жылда сіз 52 кітап оқып шығасыз.

Кітапты қай форматта болмасын оқыңыз. Мысалы  электронды, аудио кітаптар мобильділік жағынан оқырмандар үшін ыңғайлы. Қағаз кітаптар кешкі уақытта оқуға жақсы (ұйқыға жатар алдында iPad-қа қарамағаныңыз жөн: бұл жарық көзі, ал жарық миға оятқыш сияқты әсер етеді). Аудиокітаптарды көлікте, жаттығу кезінде немесе кешкі немесе таңғы ас кезінде тыңдауға болады.

Фото: pexels.com.

Естеріңізде болса, былтыр үкімет қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке "23 сәуір – Ұлттық кітап күні" бекітілген еді.  

Бұл мереке мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді, - деп жазды  Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Алматылықтар кітапқа үйір

 Былтыр қазақстандықтар 55 млн мәрте кітапханаға барған. Үздік оқырмандардың дені Алматыда. Шаһар тұрғындары өткен жылы 5 млн рет кітап үйіне бас сұғыпты. 24.kz сайты осындай дерек келтіріпті. Ал Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының тұрғындары 4 млн рет барған. 

Фото: pexels.com.

Елімізде қанша адам кітап оқиды? 

Қазақстан - 55 млн  

Алматы қаласы - 5 млн 

 СҚО - 4,5 млн 

Түркістан - 4 млн.