«АЛТЫН ҚАЛАМ 2024» әдеби байқауының қазылар құрамы жарияланды
Қ
азылар өздеріне ұнаған әдеби туындыға дауыс береді
«Алтын қалам» әдеби байқауының бір ерекшелігі сол жеңімпаздарды таңдауға оқырмандар да ат салыса алады. Яғни, конкурстың ресми сайты aqalam.kz-те жарияланған жұмыстармен танысып, өз бағасын бере алады. Ең көп дауыс жинаған шығармалар конкурстың қысқа тізіміне енеді.
Сонымен қатар байқау барысында қазылар да өздеріне ұнаған әдеби туындыға дауыс береді.
Айта кеткен жөн, Сайтта конкурс жұмыстарының авторлары көрсетілмейді. Ұйымдастырушылар байқау әділ өтуі үшін және оқырмандар, қазылар алқасы авторға емес, тек өзіне ұнаған шығармаға дауыс беруі үшін осындай қадамға барып отыр.
Фото "Алтын қалам" байқауының жеке мұрағатынан
«Алтын қалам 2024» байқауына қатысуға ниет білдірген үміткерлердің үздігін анықтайтын қазылар құрамы да белгілі болды.
Аманкелді Мырзабек – белгілі әдеби сыншы, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты.
Дулат Исабеков - қазақ және кеңес жазушысы, драматург. Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Ділдәгүл Нұрмаханбет – жазушы, «Алтын қалам» иегері
Нұржан Мұхамеджанова - медиаменеджер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Айдос Сарым – саясаттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері
Қуат Домбай - "Алтын Қалам" тәуелсіз әдеби жүлдесінің идея авторы, PR-маман
Кенже Жұманұлы – журналист, продюсер, «Құрмет» орденінің иегері
Бақытжан Бұқарбай - баспагер
Оқырмандардың берген бағасы міндетті түрде ескеріледі. Дегенмен танымал тұлғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы
Міндеті белгілі бір қаламгердің қызуқанды фанаттарынан келіп түскен көп дауысты салқынқандылықпен сараптай отырып, шығарманың өзіне баға беру!