7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

О

тан қорғаушылар күнінің тарихы жайлы не білеміз?

gov.kz

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап ел күнтізбесінде жаңа мемлекеттік мерекелер пайда болды. Солардың бірі ел аумағы мен оның тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери күштердің – Отан қорғаушылардың кәсіби мерекесі, деп жазды kaz.nur.kz.

Отан қорғаушылар күнінің тарихы жайлы не білеміз?

Бұл күн – елдің қауіпсіздігі мен оны қорғауды, сондай-ақ тәуелсіздікке қауіп төнген сәтте кез келген сыртқы агрессиядан қорғап, бейбіт өмірді қамтамасыз ете алатын барлық әскери қызметші мен тыл қызметкеріне арналған. Осыған орай, ел тұрғындары барлық ер-азаматты осы атаулы күнмен құттықтайды.

Отан қорғаушылар күні – "Қазақстан Республикасының мерекелер туралы" Заңында көрсетілген тоғыз ресми мерекенің қатарына кіретін мемлекеттік мереке. Сонымен бірге атаулы күннің қоғамдық-саяси мәні бар.

Бұл күні 1992 жылы Қазақстан президенті "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы"  жарлыққа қол қойды. Бүгінде ҚР Отан қорғаушылар күні – мемлекеттік мереке және күнтізбеде ресми түрде демалыс күні ретінде белгіленген. Сондай-ақ мерекенің ресми мәртебесі Қазақстан Республикасының тиісті заңында бекітілген.

Отан қорғаушылар күнінің ел тұрғындарының патриоттық сезімін арттырып, әскери қызметтің ролін күшейтуде маңызы зор. Сол себепті республика армиясы нығайып, Қазақстан аспаны мәңгілік ашық болсын деп тілейміз.